Жәрдемақыларды төлеу тәртібі

(0 Votes)

Көп балалы отбасыларға жаңа жәрдемақы төлеуді бастау және ұйымдастыру

Ағымдағы жылдан бастап көп балалы отбасыларға жаңа мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Ол - Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2-қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасы бойынша әзірленген атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген негізгі бағыттың бірі.

Бұл жәрдемақы 4 және одан да көп кәмелетке толмаған, оның ішінде күндізгі оқу нысанында білім алатын 23 жасқа дейінгі баласы баротбасыларға табысына қарамастан төленеді. 4 баласы бар отбасылар – 42496 теңге (16,03 АЕК), 5 балаға – 53127 теңге (20,04 АЕК), 6 балаға – 63757 теңге (24,05 АЕК), 7 және одан да көп баласы бар отбасылар 74388 теңге (28,06 АЕК) алады.

Аудан бойынша бұл жәрдемақы 1526 отбасыға тағайындалған. Оның ішіне 4 балалы – 1045, 5 балалы – 366, 6 балалы – 87, 7 және одан да көп балалы -28 отбасы тіркелген.

Әлеуметтік төлемдерді ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңының жаңа нұсқасына сәйкес жаңа мөлшерде тағайындау және жүзеге асыру

ҚР «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы жүзеге асырылып, келесі төлем түрлері қарастырылды:

- әлеуметтік төлемдер мөлшерінің өсуі;

- әлеуметтік төлемдердің мөлшері мен еңбек өтілінің өзара байланысы;

- еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер беру тәртібі.

Осыған байланысты, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі 5 жылдан артық әрбір толық жыл үшін коэффициент 2%-ға артады. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін өсіру мақсатында медициналық сараптамасы нақты белгіленген еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін (30%-дан 100%-ға дейін) ескере отырып, төлемдер мөлшері айқындалады. Егер 2020 жылға дейін орташа коэффициенттер қолданылған болса (мысалы, еңбек ету қабілетінен 30%-дан 59%-ға дейін айырылғанда 0,3 коэффициенті, 60%-дан 79%-ға дейін айырылғанда 0,5 коэффициенті, 80%-дан 100%-ға дейін айырылғанда 0,7 коэффициенті қолданылды), енді жаңа механизм бойынша еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 65% белгіленген кезде коэффициенті 0,65 болады, 80% - 0,8, 100% - 1,0 тиісінше.

Асыраушысынан айырылған отбасылардың әлеуметтік қорғалуын арттыру үшін асырауындағылар санының коэффициенттерін өзгерту жолымен әлеуметтік төлемдердің мөлшері көбейді:

1) асырауында біреу болса 40%-дан 50%-ға дейін;

2) екеу болса 50%-дан 65%-ға дейін;

3) үшеу болса 60%-дан 80%-ға дейін;

4) төрт немесе одан көп болса 80%-дан 100%-ға дейін.

Сонымен қатар, жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәртібі қайта қаралды, атап айтқанда:

1) табысты ауыстыру коэффициенті 30%-дан 40%-ға көтерілді;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты жұмысынан айрылуы бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 4 айдан 6 айға дейін ұзартылды.

Зейнетақылардың, жәрдемақылардың және «МӘСҚ» АҚ әлеуметтік төлемдерінің мөлшерін арттыру

«2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға сәйкес, елімізде зейнетақы, әлеуметтік төлемдер және жәрдемақы мөлшері ұлғайды.

- Зейнетақы 7%-ға; - Мемлекеттік базалық зейнетақы 5%-ға;

- Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 2651 теңгеге;

- Ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) – 31183 теңгеге;

- Ең төменгі зейнетақы – 38636 теңгеге өсті.

Жаңадан тағайындалатын зейнетақы мөлшерін есептеу үшін ескерілетін ең жоғары табыс АЕК (121946 теңгеден) аспауы тиіс.

- Ең төменгі базалық зейнетақы 16839 теңгені;

- Ең жоғары базалық зейнетақы (еңбек өтілі 33 жыл және одан да көп) – 31183 теңгені құрады.

- Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5%-ға өсті.

- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың және мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың (№1 және №2 тізім бойынша) мөлшері айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты 5%-ға өсті.

Баланың туылуына байланысты төленетін жәрдемақы төмендегідей өсті:

- бірінші, екінші және үшінші балаға – 100738 теңге (38 АЕК);

- төртінші балаға -167013 теңге (63 АЕК).

Баланың бір жасқа дейінгі күтіміне төленетін жәрдемақылар да өсті:

- бірінші балаға – 15270 теңге (5,76 АЕК);

- екінші балаға – 18054 теңге (6,81 АЕК);

- үшінші балаға – 20811 теңге (7,85 АЕК);

- төртінші және одан кейінгі балаларға – 23594 теңге (8,9 АЕК).

«Алтын алқа», «Күміс алқа» немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға табысына қарамастан төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының мөлшері 16967 теңгені (6,4 АЕК) құрады. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша шығын салдарынан таратылған Заңды тұлғалардың Қазақстан азаматтарына төлемді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін тағайындалған төлемдердің (регресстік төлемдердің) мөлшері де 5%-ға көтерілді.

Гүлайна Ұзақбайқызы,

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының» Атырау облыстық филиалы бойынша

Құрманғазы аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521