banerkzbig

Зейнетке шығу – қартаю емес

(0 Votes)

Аудан әкімі Бибоз Шаяхметов аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Талғат ХамитұлыЖаудиннің зейнеткерлік жасқа толуына орай қабылдау ұйымдастырды.

Құттықтау сөзінде аудан әкімі:

- Құрылыс саласында сәулетшілерге, инженерлерге қойылар талап деңгейі қашан да жоғары болып келді. Бүгін осы қызметті абыроймен атқарған азаматтардың бірі, қазақи тілмен айтқанда Пайғамбар жасына жетіп, өзінің көп жылғы еңбегінің зейнетін көргелі отыр. Сіздердің алдарыңызда рахметімді айта отырып, жанұяңыздың ортасында жақсы демалыс, ұзақ та бақытты ғұмыр тілеймін, - деп Құттықтау хат пен сый-сияпатын табыс етті.

Сондай-ақ, аудан басшысы қазақы дәстүрмен мерейгердің жұбайына камзол кигізіп, иығына орамал салды. Округ әкімдері атынан, Еңбекші, Шортанбай, Кудряшов ауылдық округтері әкімдері Қанат Ғаббасов, Сәрсекей Нәбидоллаев, Сақтапберген Ертелеуовтер құттықтады. Аудандық құрылыс, аудандық жер қатынастары бөлімдерінің басшылары Жасұлан Сүндетов пен Қуаныш Имашев, жеке кәсіпкер Жеңіс Бисенов, әріптестері атынан Мейрамбек Ақынов ізгі тілектерін жеткізіп, Құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыстады. Соңында мерейгер Талғат Хамитұлы сөз алып:

- 2004 жылы аудан әкімі Әлібек Ибатоллаұлы Нәутиев шақырып, өндіріс бөлімінің меңгерушісі етіп тағайындады. Сонда үш ай жұмыс жасадым. 2004 жылдың желтоқсанынан бастап, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы болдым. Өзім зейнеткерлік жасқа жетсем, жұмысты сол күні қоямын деуші едім. Бүгін сол жасқа жеткеніме өте қуаныштымын. Қандай да бір шаруа, ақыл-кеңес керек болса келіп тұрыңдар, көмектесуге әзірмін. Бізден кейінгі інілерімнің жұмысына сәттілік тілеймін! Бөлімге 2005 жылы Мейрамбек, 2007 жылы Ерсін, сосын Бақытжамал қарындасым келді. Бірге қызмет еттік. Қашан да заң шеңберінен шықпай жұмыс жасасаңдар істерің алға басады, - деп өзіне құрмет көрсетіп жатқаны үшін аудан әкімдігіне, лебіз білдірушілерге, барлық ниеттес әріптестеріне ризашылығын жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig