Қыстың қаупі – жұқа мұз

(0 Votes)

Жыл сайын жұқа мұз адам өліміне себеп болады.

Жыл басталғалы бері Атырау қаласынан үш бала қайғылы жағдайдың құрбанына айналды. Сондықтан, ата-аналардан перзенттерін мұзға (балық аулауға және конькимен сырғанауға) қараусыз жібермеу сұралады.

Қазіргі уақытта өңірдің су айдындарындағы мұз жамылғысы әлі де берік емес және әрқашан адамның салмағын көтере алмайды. Бүгінде ауданымыздағы Шарон, Қиғаш өзендеріндегі мұздың қалыңдығы 4 см. ғана. Сондықтан, тұрғындар, балықшылар, әсіресе балалар аса сақ болғандары жөн.

Әсіресе: тәуліктің қараңғы уақытында, тұман түсіп, қар, жаңбыр жауғанда мұзға шығуға болмайды. Мұздың беріктігін аяқтың соққысымен тексеруге тыйым салынады. Егер бірінші күшті соққыдан кейін аздап су байқалса, бұл мұз жұқа, ол арқылы жүруге болмайтыны белгілі. Бұл жағдайда тез арада өзінің ізімен жағаға жылжитын қадамдармен, аяқты мұздан алмай және оларды иық еніне қойып, кейін қайту қажет. Мұз үстімен жүру кезінде қалың қар қабатымен жабылған қауіпті жерлер мен учаскелерді айналып өту керек. Су айдынын топпен өткенде бір-бірінен 5-6 метр қашықтықты сақтаған абзал.

olbtot

Әдетте, мұздың қаттылығын көзбен-ақ көріп байқауға болады: егер оның түсі көгілдір болса – берік, ақ болса – беріктігі 2 есе аз дегенді білдіреді. Ал егер мұздың түсі ақшыл сұр, күңгірттеу түспен боялса, бұл оның үстімен жүру тұрмақ, маңайына жоламағаныңыз жөн дегенді білдіреді.

- Қатқан өзенді (көлді) шаңғымен өткен дұрыс. Есіңіздеболсын: ақырынқозғалыңыз, шаңғыныңілмегінбілегіңізгеілмеңіз, себебі, қауіптуғандақолыңызданшешеалмайқалыпжүресіз.

- Егер, сөмкеасынсаңыз, тек бір жақ иығыңызға ғана асып жүріңіз. Бұл қауіп кезінде тастай салуға ыңғайлы болмақ.

- Бұл кезде өзіңізбен бірге 20-25 метрлік қатты арқан ала шығыңыз. Арқанның бір ұшына ауыр салмақтағы бір затты түйіншектеп байлап қойыңыз. Жаныңыздағы серігіңіз мұзға түсіп кеткен жағдайда, арқанның ауыр зат байлаған жағын серігіңізге қарай лақтырыңыз. Жапа шегуші арқаннан ұстап, ауыр затты қолтығына қысып тұрсын, сіз өзіңізге қарай ақырын тартыңыз.

- Қысты күні 10 см қалыңдықтағы тұщы және 15 см қалыңдықтағы тұзды мұздың үстімен жүруге болады. Егер бұл көрсеткіштен жұқа болса, әсте жоламаңыз.

-Ересектер арасында көбіне алкогольді ішімдікті пайдаланғандар қайғылы оқиғаның құрбаны болып жатады. Жоғарыдағы айтылған қарапайым қағидаларды сақтап, алдамшы суық мұздың құрсағына түсіп өз өмірлеріңізге қауіп қатерге тікпеңіздер!

С. Хишаев,

Құрманғазы ауданының №7 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521