«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы

(0 Votes)

2019 жылдың желтоқсан айының 09-13 күндері аралығында аудан көлемінде өткізілген «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде атқарылған жұмыстар: «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамынан 32 қызметкер қатысты.

Жедел іс-шарасы кезінде полиция бөліміне 4 қылмыстық істер тіркелді, олар уақытылы ізін суытпай ашылды. Сонымен қатар, іс-шара кезінде, қарудың, оқ-дәрілердің және басқа да рұқсат берілмеген заттардың заңсыз айналымы фактілерін анықтау бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде 3 тұлғадан ішкі істер органдарына тіркелмеген заңсыз сақтаудағы 3 бірлік (тегіс ұңғылы)аңшы қаруы тәркіленді және 2 тұлғадан есірткі құралдарын (өзіне тән өткір иісі бар кептірілген жасыл түсті шөбі) сақтағаны және пайдаланғаны үшін тергеу амалдары жүргізілуде.

Жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды, сондай-ақ көңіл көтеретін мекемелер аумақтарында және адамдардың көп жиналатын басқа да орындарда патрульдеу жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде 64 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, ЖПІШ кезінде 46 адамдардың қолтаңба іздері алынып фото-бейне есебіне қойылды. Аталған мерзім ішінде Құрманғазы ауданы бойынша қоғамдық орындармен көшелерде және отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында жасалған қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ.

Н.Құбашев,

Құрманғазы аудандық ПБ бастығының міндетін атқарушы полиция подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521