Тыл ардагерлеріне құрмет

(0 Votes)

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Б.Хасенова бастаған мүшелері Киров, Нұржау ауылдық округтерінің тыл ардагерлері, бірі 96-ға, екіншісі 94 жасқа келген ақ жаулықты әжелер Мнауара Бекболатованың және Нұржамал Лұқпанованың шаңырақтарына арнайы барып, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде аналар кеңесінің мүшелері ардагерлерге Құттықтау хаттарын ұсынып, сый-сияпаттарын тапсырды.

Шын мәнінде, өз отбасының ғана емес, еліміздің алтын қазығы, береке-бірлігін жарастырып отырған осындай әжелеріміздің өмірінен мол сабақ алуға болады.

Абыз аналарды қазақтың жаңа жылымен құттықтауды кеңес мүшелері өздерінің абырой міндеті санайды. Ел басына күн туған қиын- қыстау шақта етігімен су кешіп, тылда еселі еңбек етіп, Ұлы Жеңісті жақындатқан асыл жандарға деген құрмет ешқашан өзектілігін жоймақ емес. Кейуана әжелеріміз үйлеріне арнайы келіп, мерекелік көңіл күй сыйлаған кеңес төрайымы мен мүшелеріне ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521