banerkzbig

Тұрғындар тарапынан басты мәселелер қозғалды

(0 Votes)

Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зинуллин ауданымызда болып, Жұмекен ауылындағы Еңбекші, Құрманғазы ауылдық округінде М.Әуезов орта мектептерінің ұжымымен кездесті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді.

 Еңбекші  орта мектебінде өткен кездесуге облыстық мәслихат хатшысы Ө.Зинуллин, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Асан Нұрғалиев, аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаев, Еңбекші ауылдық округі әкімі Руслан Әмірханов, округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев қатысты. Кездесуді аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов жүргізді.

img_7158

Облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин өз сөзінде атқарылған жұмыстарға тоқталды. Есепті мерзім ішінде облыстық мәслихаттың сегіз сессиясы өтіп, әртүрлі тақырыптағы 72 мәселе бойынша шешімдер қабылданғанынан хабардар етті.

– Сонымен бірге 2019 жылдың қорытындысымен салықтық түсімдердің орындалуы және салық салынатын базаларды кеңейтудегі Атырау облысы бойынша кірістер департаментінің есебін тыңдадық. Өздеріңіз білесіздер бюджетті біздер осы кірістер арқылы қалыптастырамыз. Жиналған салыққа қарай біздің өңірдің экономикалық мақсаттарын орындауға мүмкіндігі болады. Бір сөзбен айтсақ салық кірістерін жинақтауда облысымыз алдыңғы орындардың бірінде. Жыл сайын жоспардан 15-20 пайыз жоғары орындаймыз. Себебі бізден республикалық бюджетке алынатын алымдар өте жоғары. Өткен жылы 95 млрд. теңге алынды. Республикалық бюджеттің 17-23%-ын біздің облыс құрайды. Негізі капиталға инвестиция тарту бойынша да алда келеміз. Шағын және орта бизнес дамып, 49161 бірлікті құрады. Тағы бір айта кетер жайт Мемлекет басшысының қолдауымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін ұзартылды. Бағдарлама аясында 2010-2019 жылдар ішінде облыс бойынша 1519 жоба қолға алынып, 40 млрд. астам салық бюджетке түсті. Бүгінгі таңда 255 жоба қаралу үстінде болса, оның 195-і ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерден. Бұған бөлінетін қаржы көлемі үш есе өседі. Облыс бойынша жалпы өнім 4 трлн 223 млрд. теңгені құрап былтырғымен салыстырғанда 6 пайызға өсті. Сессияда 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автомобиль жолдарын дамыту жұмыстарын тыңдадық. Бұл халықтың бірінші кезекте қойып жүрген мәселесі. Жол құрылысы облысымызда қарқынды жүруде. Өткенде Приморье сайлау округінен сайланған депутат ретінде Теңіз ауылында болғанымда кіре берісі мен ішкі жолдарының жұмысы аяқталып жатырғанын көрдім. Кейде тұрғындар біздің көшеге жол салынбай жатыр деп облыс әкіміне, депутаттарға барады. Бәрі жоспарлы түрде, кезегімен шешілетін мәселелер болғандықтан оған түсіністікпен, сабырмен қарау керек деп ойлаймын. Одан кейін әскер жасындағы жастардың Отан алдындағы борышын өтеуін талдадық. Соңғы кезде бұл азаматтардың денсаулығы төмендігінен жоспар орындалмауда. «Оның себебі не? Орындалмауына кімнің қандай қатысы бар, нені шешуіміз керек?» деген сұрақтарға жауап іздедік. Осыған байланысты облыс әкімінің ұсынысымен аудандарда әскерге шақыру пунктерін салу жөнінде шешім қабылдадық. Жалпы әскерге шақыру Қазақстан бойынша үлкен мәселе болып отыр. Келесі кезекте облыс бойынша ауылдық жерлерге жұмысқа жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың жүйесін айқындадық. Ауылдық жерлерде дәрігерлер мен мұғалімдердің жеткіліксіз екендігі бәрімізге аян. Оны ретке келтіру үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша төленетін жәрдемақыны 100 айлық есептік көрсеткішке дейін өсірдік, - деді. Әрі қарай хабарламада облыстық мәслихат жанындағы 4 тұрақты комиссияда 10 арыз-шағым, депутаттар өткізген 36 қоғамдық қабылдауда 72 адамның мәселелері қаралап шешімін тапқаны, «Мектепке жол» акциясы аясында депутаттар мектеп оқушыларына 4 млн. теңгенің көмегін көрсеткені көрініс тапты. Сонымен бірге биылғы жылы облыстық, аудандық мәслихаттарға 25 жыл толғалы отырғаны да хабарламашы назарынан тыс қалмады. Хабарлама аяқталған соң ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

img_7161

Еңбекші ауылдық округінің спорт нұсқаушысы Асланбек Қалиев: – Жақында аудан бойынша спорт түрлерінен жарыс өтіп, 19 округтің ішінен 2 орын алдық. Алайда бізде жаттығу жасайтын орын жоқ. Соны салуға ықпал етсеңіз, - деді.

img_7169

Аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Жүгінісов 7 округке спорт кешенін салу жөнінде ұсыныс кеткенін, әлі шешімін таппағанын жеткізді.

Округтің ветеринария маманы Нұрғизат Оразов – Ауылға мал дәрігерлік пункт салу қажет. Өзіммен бірге 5 адам жұмыс жасаймыз. Дәрі сақтайтын қойма жоқ. Ауылымызда керемет Еңбекші ет кешені бар, алайда оған қатынайтын жол нашар. Жаңбырлы, қарлы күндері жүру қиын, - деп облыстық мәслихат хатшысынан осы мәселелерді шешуге көмектесуін сұрады.

Еңбекші орта мектебінің директоры Мырзабай Шаяхметов: – Округке қарасты Қадыр ауылы бүгінде үлкею үстінде. Біздің мектепте 560 бала оқиды. Ғимаратымыз тарлық етуде. Сондықтан оны қосымша құрылыс салып кеңейтіп немесе Қадыр ауылынан жаңа мектеп ашу керек деген ұсынысым бар, - деді.

img_7168

Берген жауабында аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Жүгінісов Еңбекші, Әуезов орта мектептерін қосымша құрылыстар тұрғызып үлкейту, Ломоносов орта мектебін жаңадан салу алдыңғы жылдарға жасалған жоспарда бірінші кезекке қойылғанынан хабардар етті. Ауыл тұрғыны Төреш Махымғалиев – Сурхан өзенінде ағыс жоқ. Көгеріп иіс пайда болуда. Оны ішкен малдар ішек құрт, бауыр құрт болып, төрт түліктің саны өспей тұр, - деп аудан әкімі тарапынан Котяев ауылына қуаты күшті насос қойылатыны айтылғанын алға тартып, оны Шортанбайға қою керек деген өз ұсынысын ортаға салды. Берілген жауапта Сурхан өзенінің 10 шақырым жерін қазып, Шора өзеніне қосу жөнінде жұмыстар жүріп, қажетті қаржының есебі шығарылып жатқаны айтылды.

img_7192

Еңбекші ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғаділхан Қалиев – Округте дәрігер мәселесі шешілмей келе жатыр. Бізде 287 зейнеткер есепте тұр. Аудан орталығына шапқылай беретін олардың бәрінің бірдей жеке меншік автокөлігі жоқ. Араларында мүгедектер мен үйден ем алатындар да бар. Екінші мәселе жол құрылысымен айналысып жатырғандар астынан мал өтетін өткел салмапты. Осы мәселе ертең қиындап кетпей ме? Биік жерден мал шыға алмайды, - деген алаңдаушылығын білдірді.

Қ.ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig