Құтқарушы болу – ердің ісі

(0 Votes)

Ержүректілік, батырлық, жанқиярлық – құтқарушыларға тән қасиеттер.

Бұл мамандыққа кездейсоқ адам келмейді, өйткені, құтқарушы мамандығы жақсы физикалық дайындықты, төзімділікті, мінсіз абырой-беделді талап етеді. Аталмыш кейіпке сәйкес келу үшін өрт қауіпсіздігі саласында арнайы білім болуы қажет. 

Күні бүгінде елімізде мемлекет есебінен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институты өртке қарсы қызметінің мамандарын даярлайды.

Күндізгі оқу бөліміне 17-25 жас аралығындағы азаматтар қабылданады. Тыңдаушы барлық оқу мерзімінде ақысыз киім-кешек, тамақтану, баспанамен (казармалық) қамтамасыз етіледі. Оқуға үміткерлер Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі жөнінде алған сертифтикатын тапсырады. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен кезде төртінші пән ретінде физиканы таңдауы қажет. Сондай-ақ, талапкер физикалық дайындық бойынша сынақ тапсырып, медициналық куәландырудан өтеді. Тыңдаушылардың институттағы күндізгі оқу кезеңі 4 жылды құрайды және әскери қызметтен өту кезеңімен теңестіріледі. Оқу аяқталғаннан кейін тыңдаушыға өртке қарсы қызмет лейтенанты атағы беріліп, түлектердің әрқайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады.

Жоғарыдағы мәлімет бойынша қосымша сұрақтарыңыз болса, Құрмангазы ауданы, Құрманғазы ауылы Майра Қабдолқызы 202 мекен жайындағы Құрманғазы ауылы 7 өрт сөндіру бөліміне келіп кеңес алуыңызға болатынын қаперлеріңізге береміз.

К.Достыбаев,

№7 ӨСБ-нің бөлімше командирі, азаматтық қорғау старшинасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521