Субсидия алады, жәрмеңкеге қатыспайды

(0 Votes)

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысы өтті.

Отырысты партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаев жүргізді.

img_0075

Күн тәртібіне сай аудандық филиалдың сектор меңгерушісі Ақынжан Хұсайынов партия мүшелерінен жарна жинау жөнінде хабарлама жасап: – Ауданымыздағы бастауыш партия ұйымдарында (БПҰ) 2769 мүше тіркелген, олар 152 топтарға біріктірілген. Оның ішінде 464-і зейнеткерлер, 50-і мүгедектер, 340-ы жұмыста жоқ, бала күтімімен отырғандар. Бұлар жарна төлемейтіндерге жатады. Сонда 1882 адамнан жарна жиналады, мұның 52-сі студенттер. Жинау бойынша үнемі мониторинг жасалады. Филиалдағы 21 БПҰ-ның 13-і жоспарларынан артығымен шығып, 8-і орындамады, - деп бұл бағытта атқарылған жұмыстармен таныстырып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды. Комиссия мүшелері Болат Жүгінісов, Ұлмекен Сапарова жарнаны қолма-қол жинау тиімді екенін айтса, Сағидолла Кулов бұл мәселені сол жердегі партия мүшелерімен кездесу өткізіп шешу тиімді екенін жеткізді. Комиссия төрағасы Бержан Кенжебаев хабарламашыға жарнаны төлеуді орындамаған БПҰ-на ескерту беріп, тәртіпті күшейтуді тапсырды.

img_0077

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасанов мал азығын дайындайтын шаруа қожалықтарына берілетін субсидиялардың төленуі жөнінде хабарламасында: – 2019 жылы бөлім бойынша 898 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Азаматтар мен заңды тұлғаларға жер учаскелерін беру немесе жер учаскелерін беруден бас тартуды қорытындылайтын аудандық комиссия мәжілісінің 20 отырысы өткізілді. Комиссия қортындысы негізінде 1144 өтініш қаралса оның 962-сі жеке, 182-сі заңды тұлғалардан түсті. 965 өтініш қанағаттандырылып, 179-ына Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес түсінік берілді. Сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету және қоғамда оған қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында қазақ және орыс тілінде жазылған жаднамалар мекеменің көрнекті жеріне ілінді. ҚР АШМ-нің 2018 жылғы 15 маусымындағы №256 бұйрығына сәйкес ірі сабақты мал азығына берілетін субсидия етті мал өсірушілерге тоқтатылды, алайда сүтті бағыттағы малға бұйрықта көрсетілген шарттарға сәйкес төленіп отыр, - деді. Хабарламашығы комиссия мүшелері Қадырбай Жармұхамбетов, Болат Жүгінісов, Сағидолла Кулов, Ұлмекен Сапарова, Ниетжан Ғабдуллин тарапынан сұрақтар берілді.

«Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Бержан Кенжебаев: – Жақында субсидияға өзгеріс енгізіліп, енді етке, жұмыртқаға төленбейтін болды. Осыған орай облыс басшысы ірі сабақты мал азығына, ет пен жұмыртқаға субсидияны өзімізден төлеуге рұқсат сұрап отыр. Бұл мәселе жақында ауыл шаруашылығы министрлігінде қаралады. Жалпы субсидияның өзі өндірілген өнімнің бағасын түсіру үшін беріледі ғой. Сондықтан оны алған шаруа қожалықтары халықтың қамын ойлап, жәрмеңкелерге қатысып, өнімін арзан бағаға сатуы тиіс. Оларға осыны жеткізу керек. Жәрмеңкелерге қазір тек біз ғана қатысып жүрміз, - деді.

img_0082

Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жағдайы туралы хабарлама жасаған аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева: – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары жасақталып, барлық білім беру ұйымдарына таратылып, оларда соған сәйкес жоспарлау жұмыстары жүзеге асырылды. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары басшылыққа алынып, 2019 жылдың 12 айында 3 жалпы,1 негізгі орта мектепке, 1 қосымша білім беру мекемесі мен 4 балабақшаға конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысымен Абай, Сүйіндік, Панфилов атындағы жалпы орта мектептеріне, Балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлық клубы мекемесіне директор тағайындалды. Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері тарапынан әдеп нормаларын бұзу фактісі болған жоқ, - деп ұйымдастырушылық-басқарушылық және бюджет қаржысын игеруде жіберген кемшіліктері үшін «ескерту», «сөгіс» түріндегі жаза қолданылған мектептер пен балабақшалардың басшыларына тоқталды, комиссия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

img_0087

Біріккен отырысы барысында комиссия мүшесі, аудандық мәслихаттың депутаты Линда Өмірзақованың аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі мен аудандық білім бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстары жөніндегі қосымша хабарламасы тыңдалды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521