Сиырлар жүр қоқыс жеп...

(0 Votes)

Орлы ауылдық округінің әкімі Асқар Мұфтахтың есеп беру хабарламасында округте жыл ішінде атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер тілге тиек етілді.

Кейбіріне тоқталсақ, округте 2608 тұрғын, 43 жеке кәсіпкер, 48 шаруа қожалығы бар. Алдыңғы жылмен салыстырғанда мал басы 3,2 пайызға өскен. Өсімді негізінен шаруа қожалықтарындағы төрт түлік құрып отыр. Ауылға балабақша, Дәулеткерей саз мектебін жөндеуден өткізу, оған жаңа құрал-жабдықтар әперу қажет. Сол сияқты Алтыншы ауыл үшін медпункт, мәдениет үйіне 4, театрға 5 штат, ең бастысы Орлы су тазарту имаратын түгелдей жөндеуден өткізу керек. Дәрігер маман тапшы.

img_9423

img_9431

Хабарлама тыңдалғаннан кейін ауыл тұрғыны, зейнеткер Сайфолла Жанғалиев: – Жол салғанда мал өтетін өткелді екі жағынан тастамай ортадан қалдырған. Бір шақырымның үстіндегі қашықта жатқандықтан мал үйренбеуде. Биік жолдан өте алмаған 200-300 сиыр ауыл ішіндегі қоқыс жәшіктерін аралап кетеді. Осыны ретке келтірсеңіздер екен. Көшедегі газ құбырларын тат басқан. Ақша жинағанда бой көрсететін жауапты мекемелер оны неге күтіп ұстамайды? Достық көшесіне жарық тартпаса, күн батса болды қою қараңғылық орнайды, - деп округ әкімінің жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.

img_9432

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев мал өткеліне, газге, округ әкімі Асқар Мұфтах жарықпен қамтуға қатысты сұрақтарға жауап қайтарды. Ауыл тұрғындары Райхан Қалиева, Тұрсын Достыбаев, Амангелді Хилауов, Салауат Мүстиев өз сұрақтарында газ бағасы, кірме жол, мәдениет үйінің атын өзгерту және т.б. қозғады. Оларға қатысып отырған бөлім басшылары тұщымды жауаптарын берді.

img_9434

Жарыссөзде ауыл тұрғыны Исабай Рысқалиев округ әкімінің жұмысына жақсы деген баға беріп, кірме жол 2019 жылы сараптамадан өтсе де неге қаржы бөлінбей отырғанын сұрады.

img_9447

Аудан әкімі Қ.Нұртаев алдағы атқарылар жұмыстардан хабардар еткен соң, округі әкімі А.Муфтах мерейлі жасқа жеткендерді ұлығалады.

img_9453

img_9454

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521