Шекарашылармен болған бір күн

(0 Votes)

2016 әскери бөлімі "Балқұдық" шекара заставасында Балқұдық орта мектебінің жоғары сынып оқушыларына ашық есік күні ұйымдастырылды.

Оқушылар шекарашылардың бір күндік өмірлерімен танысу мақсатында застава аумағындағы ғимараттар мен нысандарында болды. Мемлекеттік шекараны қорғау барысында қолданылатын техникалар мен құралдар қалай жұмыс жасайтынынан хабардар болды. "Балқұдық" шекара заставасы бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтар жөніндегі орынбасары, лейтенант Зейнебеков Бахтияр Ермекұлы мен застава бастығының орынбасары-пост бастығы, лейтенант Бекболатов Нұрболат Бектемісұлы ерлік сабағына жетекшілік жасады.

img_20191105_163328

Сабақ барысында шекарашылар қызметі жайлы деректер беріліп, ел қорғау жолындағы сарбаздардың қырағылығы мен ерліктерімен таныстырылды. Қиын да қызықты әскери өмір туралы әңгіме қозғалып, мемлекеттік шекарамызды айқындау жұмыстары мен құрылу сатылары назарға берілді. Застава бастығы, аға лейтенант Сабыр Нұрбол Сейітқасымұлының басқаруындағы шекара жасағының жауынгерлерімен болған бір күн оқушылар үшін өте әсерлі өткені сөзсіз.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521