Шалғай аудандарды дамытуға көңіл бөлінеді

(0 Votes)

24-25 қараша күндері Тұңғыш Президент күні қарсаңында, Нұр-Сұлтан қаласының Тәуелсіздік сарайында «Nur Otan» партиясы аймақтық филиалдарының өкілдерінің үлкен басқосуы өтті.

24 қарашада болған семинар кеңесті партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жүргізді. Семинар жұмысы барысында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дархан Қалетаев, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайлов, премьер-министрдің орынбасарлары Бердібек Сапарбаев, Роман Скляр, «Nur Otan» партиясының хатшылары Әлібек Әлденей, Ғабидолла Оспанқұлов, партияның қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская және басқалары баяндамалар жасады. Блогер Тимур Бектұр әлеуметтік желідегі технологиялармен жұмыс сағатын, тренерлер Жанель Сариева, Саясат Нұрбек, Давид Туганов фасилитациялық сессиялар өткізді.

nr-otan1

25 қараша күні өткен отырысты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің «Nur Otan» партиясын қайта жаңғырту аясында тапсырмаларды іске асыру туралы» есебі қатысушылар назарына ұсынылды. Одан әрі өңірлерде өткізілген праймериздер туралы ролик көрсетілді. Аталған партияның хатшысы Ж.Қалиевтің пилоттық праймериздерді енгізу, партияның Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Ожаевтың «Өңірде партияны қайта жаңғырту жөніндегі міндетті іске асыру барысы туралы» және Ақмола облысы Есіл аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары А.Ерденовтің, Қызылорда облыстық мәслихатындағы партия фракциясының жетекшісі Ы.Құттықожаевтың есептері тыңдалды. Бұл семинарға ауданымыздан «Nur Otan» партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев қатысуда.

nr-otan2

Басқосуда өңірлерді, шалғай аудандар мен ауылдарды өркендету, «тыңдаушы мемлекет» концепциясын жүзеге асыру, қалалардың шет аймақтарын дамыту үшін бөлінетін қаржыны ұлғайтып, инженерлік инфрақұрылымдар мен жаңа технологияларды енгізу, 2024 жылға қарай өңірілік стандарттарға сай 3477 ауылды қайта жаңғырту, оларды ауыз суммен қамтып, жолдарын жөндеп, әлеуметтік нысандар салу, денсаулық сақтау ұйымдарын жабдықтауды 70 пайызға дейін көтеру, 2020 жылы еңбекақыны мұғалімдерге 25, дәрігерлерге 30, медбикелерге 20 пайызға дейін өсіру және жергілікті маңызы бар жолдарды салу мен жөндеу, шалғай пункттер мен ауылдарды сумен қамту мәселелері қаралды.

Көтерілген мәселелердің маңыздылығын, олардың жүзеге асырылуын назарда ұстау қажеттігін айтқан Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев басқосуды қорытындылады.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521