«СЕРПЕРГЕ» ЖАЗЫЛУДА ЖЫЛДАҒЫДАН КӨП ТӨМЕНБІЗ, ҚАДІРЛІ ОҚЫРМАНДАР!

(0 Votes)

Өткен жылы осы мерзімде аудан айнасына жазылушылар 3000 адамды құраса, қазіргіміз 1630 данаға әзер жетіп отыр.

Егер бұл мәселеге округ әкімдері, мектептер, балабақшалар, дәрігерлік орындар, жеке тұрғындар жоғары маңыз беріп, шұғыл қолға алмаса, жылдағы шамадан көріне алмасымыз анық. Бұл дегеніміз өткенге құрметтің кемшіндігі, бүгінгі буырқынған өмірден рухани олжасыз қалудың ең сорақы көрінісі болар еді.

Дұрыс, пошта бөлімшелерінің де жұмысы нашарлап кетті. Бірақ, соған қарамастан межелі болжамнан шығамын дегендер шығып жатыр ғой. Мәселен, Нұржау орта мектебінің директоры Гүлбаршын Жақимқызы қарындасымыз болжамды жапқаны жайлы осыдан бірнеше күн бұрын хабарлады. Бірлік ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ақбанов 270 дана болжамды осы апта ішінде аяқтағалы отыр. Көптоғай округінің әкімі Батырбек Балтаев та Ақбановтан қалысатын мен емес деп хабар салды. Қиғашта пошта жағынан қиындық туса да округ әкімі Жігер Жанқанов ініміз де газетке жазылуды таяу күндерде аяқтаймыз деп шандырса, 3 дана «Серперге» жаздырған әкім ініміз де арамызда жүр.Ең үлкен округ Құрманғазы 1390 дана орнына қазір 164 данаға жеткізіп місе тұтуда.

Міне, жылдың ақтық айы желтоқсан 3 күндік мерекемен басталса, алда Тәуелсіздік тойы деп 5 күн демаламыз. Тойдың басы-аяғы деп жүргенде басылымдарға жазылу мерзімі аяқталып қалары ақиқат. Сондықтан кешігіп қалмас үшін осы айдың аяғына және желтоқсанның 12-13-теріне дейін «Серперге» жазылуды тап-тұянақтай етіп демалайық, ардақты ағайындар!

Құрметпен Таңатар Дәрелұлы,

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521