"Сөз болмысы-ұлт болмысы"

(0 Votes)

Құрманғазы аграрлы-техникалық колледжінде облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Өркениет» жобасы аясында ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық "Шабыт" шығармашылық фестивалінің лауреаты, Ұларбек Нұрғалымұлымен "Сөз болмысы-ұлт болмысы" атты кездесу ұйымдастырылды.

Оған колледж студенттері мен жастар қатысты. Оны ашып жүргізген аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Наурызбай Бисенғалиев Нұр-Сұлтан қаласынан келген қонағымыздың қысқаша өмірбаянынан хабардар етіп, сөз кезегін ұсынды.

img_7730

Кездесуде қазақтың ұлттық таным-болмысы, мақал-мәтел, көнерген сөздер, тұрақты өз тіркестері мен салт –дәстүр, ұлттық классикалық музыка, ән мәтіндерінің мағыналарын ашу бағыттары жайлы жан-жақты айтылды.

Ұларбек ағаның айтқан есті әңгімесін тыңдай отырып, оның негізі тақырыбы қазақтың ұлттық танымы екеніне көз жеткіздік. Ол қазақтың мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары және салт-дәстүр, ұлттық классикалық музыка, ән мәтіндерінің бүгінде шаң басып, ұмыт болып бара жатқан ғажайып сырларына үңіліп, нағыз қазақтың болмысын көрсететін ой-толғамдарын жеткізді.

img_7735

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521