Сүйіндіктегі үйлерге газ берілді

(0 Votes)

Аудан орталығынан үш жүз шақырым шалғайда орналасқан Азғыр өңірі тұрғындарының көптен күткен армандары орындалып, үлкен қуанышқа кенелуде.

Ұзақ жылдар бойы айтылып келе жатқан мәселе оң шешімін тауып, өткен жылы мұнда 10 млрд. теңге қаржы жұмсалып, газ құбыры тартылған болатын. Биыл оны ауыл ішіне тарту жұмыстары жүзеге асып, қысқы жылыту маусымының басталуына орай қыр бойындағы үш округке көгілдір отын беріле бастады.

sjindik1

Сүйіндік ауылдық округінде өткен тұрғын үйлерді газге қосуға арналған салтанатты шараға Атырау облыстық «Газ Құрылыс» ЖШС басшысы Жарас Бөлекбаев, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ аудандық филиалының директоры Рүстем Нәсиболлаев, округ әкімі Қанат Құлшар мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Сүйіндік бастауыш партия ұйымының төрағасы Жанәбіл Шаданов, «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері қатысып, ауыл тұрғындарына көгілдір отынның игілігін көріңіздер деген ізгі тілегін жеткізді.

Ауылдағы Болат Есімов, Нұрлан Дүйсенов, Шыңғали Ғұмаров, ауыл ақсақалы Жасқайрат Күзенбаев, жалғыз басты аналар Алмагүл Арыстанова, Сарбиназм Шапқатованың баспаналарында және тағы басқа оннан аса тұрғын үйлерде көгілдір отын маздады. Осылайша бірнеше отбасы қи мен тезек жағып, күл шығарудан құтылып, таза әрі арзан отынның тұтынушысы қатарын толықтырды. Өздеріне осындай қамқорлық жасап жатқан облыс, аудан, округ басшыларына ауыл тұрғындары ризашылығын білдірді. Көршілеріне газ келгенін көрген қалған тұрғындар да оны үйлеріне кіргізіп алуға күш салады деген үміттеміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521