«Құрмет» ордені тынымсыз еңбектің жемісі

(0 Votes)

Қазақстан Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, ондаған жыр жинақтарының авторы, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, журналистикада 37 жыл тынымсыз еңбек етіп, оның 27 жылында «Серпер» газетінің бас редакторы сияқты жауапкершілігі жоғары қызметті абыроймен атқарған Таңатар Дәрелұлы ағамыздың есімі ауданымызға ғана емес, республикамызға да жақсы таныс.

Міне, дәл қазір Атыраудан ақжолтай хабар жетіп, көңіліміз көкке шарықтатты. Таңатар Дәрелұлы Тәуелсіздік мерекесіне орай «Құрмет» орденімен марапатталды!

taatar-aa-rmet54

Бұл біздің редакция ғана емес, ауданымыз үшін ортақ үлкен қуаныш, мақтаныш, адал еңбектің әділ бағалануы деп білеміз. Қарымды қаламгер ағамыз «Серперді» Тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау сәттерінен аман-есен алып өтіп, бүгінгідей дәрежеге жеткізді. Сол бір тар жол тайғақ кешулерде қаншама қиындықтарды бастан өткізгені түрлі дереккөздерден өздеріңізге мәлім. Бүгінде де газетті беттеу, дайындау тек сырт көзге ғана оңай. Басқа әріптестеріміз бет толтыра алмаймыз десе, бізде ондай болып көрген емес. Басшымыздың әріден ойлайтын көрегенділігінің арқасында алдағы бір-екі аптаның материалдары қашан да әзір тұрады. Таңатар Дәрелұлының тағы бір қасиеті қарауындағы қызметкерлерді бағалай білетіні. Олардың жетістігіне қуанып, мерекелерде марапаттарға ұсынып жатады. Кемшіліктері болса кешіріп, білместігін шу шығармай-ақ түзетеді. Айналадағы адамдар, қолына қалам ұстаған жастар талай рет қамқорлығын көріп жүр. Айта берсек, көп адамдардан табыла бермейтін жақсы қасиеттері көп.

taatar-aa-rmet2

Абзал ағамыздың ауданымыздың өсіп өркендеуі жолында еткен еңбегін елеп осындай үлкен марапатқа ұсынып жатқан облыс әкімі Нұрлан Асқарұлы, аудан әкімі Қайрат Талапұлы бастаған азаматтарға шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз! Жақсылықтарыңыз алдарыңыздан шығып, сіздердің де ел үшін еткен еңбектеріңіз лайықты бағасын ала берсін!

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521