Құрманғазылықтар карантин кезінде нені ескеруі тиіс?

(0 Votes)

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаевтың 29 наурыз 2020 жылғы № 8 қаулысына сәйкес 30 наурыз күні түнгі сағат 00-ден бастап 15 сәуір сағат 07.00-ге дейін Атырау қаласы бойынша карантин жағдайы енгізілуіне байланысты облыс көлеміне қатысты төмендегідей шектеулер енгізілетінін қаперлеріңізге береміз:

-Қаладағы немесе облыс көлеміндегі тұрғындарға 2 сәуірге дейін тұрғылықты мекен-жайын жетіп алуларына рұқсат етіледі;

- Облыс орталығы арасындағы жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктердің жүруіне шектеу қойылады;

- Азық-түлік пен медициналық көмек алуды қоспағанда үйден негізсіз шықпау қажеттігі ескертіледі;

- Балалар мен жасөспірімдердің заңды өкілінсіз көшеге шықпауы, олармен серуендеу үй маңын қоса алғанда 500 метр қашықтық шеңберінде жүзеге асырылуы және 30 минуттан аспауы тиіс;

- 65 жастан асқан адамдар аса қажетті жағдайларда болмаса үйлері мен пәтерлерінен шықпауы қажет;

- Ішкі қоғамдық көліктердің қозғалысы 6.00-ден бастап 19.00-ге дейін шектеледі;

- Балабақшалардың жұмысы толықтай тоқтатылады;

- Азық-түлік емес дүкендер, сауда орталықтары, базарлар, автокөлік салондары, техникалық қызмет көрсету орындары, автобөлшек базарлары, ломбардтар, фотосалондар, автожуу орталықтары, сұлулық салондары, киім, тұрмыстық техника, ұялы байланыс орындары уақытша жабылады. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар қалыпты жұмысын жалғастырады. Бұл жерлерде санитариялық-дезинфекциялық шараларды күшейтуге міндетті.

- Тұтынушылар банкоматтарға, сауда орындарына барып, кезекке тұрған кезде барлық кассалардың алдында араларында 2 метр қашықтықты сақтауы, ішке бір-бірлеп кіруі тиіс.

Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газеті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521