Құрманғазы-Бірлік арасындағы жол құрылысы биыл аяқталады

(0 Votes)

Зейнеткер Мәдениет Хамзаев Амангелді ауылындағы жалғыз мекеме мектептің алдына жарық шамдарын орнатудың қажеттілігін айтса, «Каспий-балық» ӨК төрағасы Жұмажан Шакупов ауылда салынып жатқан зауытқа барар жол сын көтермейтінін, көлік жүре алмайтынын қаперлеп, оны тегістеп, жерді көтеріп беруді сұрады.

Сонымен қатар, адамдардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау үшін бөгеттердің кейбір бөліктерін ашып қою, зираттарды қоршау түйткілдері қозғалды.

img_8268

Қойылған сұрақтарға ауыл әкімі Бауыржан Ақпанов жауап беріп отырды. Аудан басшысы Қайрат Нұртаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстарды саралап, -Құрманғазы-Бірлік арасындағы жол жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Салынған жолдарды біз қолданысқа әзір бере алмаймыз. Өйткені, оған тек 1 қабат асфальт төселген. Сондықтан жұмыс толықтай біткеннен кейін оның игілігін көреміз. Өзектерді түп тереңдету жұмыстары жүргізіледі. Жобалау құжаттарын жылдың аяғына дейін тәмамдасақ, ауқымды істі 2021 жылыжүзеге асыру жоспарда бар. Соның ішінде ең көп қазылатын арналар осы Бірлік ауылына тиісті екенін айрықша атап өткім келеді. Яғни, алдағы уақытта өзектеріміз суға толып, тірішілік нәрінен таршылық көрмейміз, - дей келе, жиналыс барысында қозғалған мәселелерге қарай ойысты. Ауыл тұрғындары Б.Ақпановтың есепті кезеңде атқарған жұмысын оң бағалады.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521