banerkzbig

«Өрісті өлкенің өрелі тарихы»

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде туған жерді танып, тағылымды тарихын зерделеу, өткенімізді жаңғыртып, болашағымызды бағамдау, қайталанбас тарихи-мәдени мұрамызды ортамызға оралту мақсатында «Өрісті өлкенің өрелі тарихы» атты аудандық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Оған аудан әкімі Қайрат Нұртаев, оның орынбасарлары Жандос Бектеміров, Өркен Тәжібаев, Атырау облыстық өлкетану музейінің басшысы Рашида Харипова, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Атырау облыстық тарихи мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Толыбай Достыбаев, зиялы қауым өкілдері, ауылдық округ әкімдері, саяси партиялар, жастар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, БАҚ өкілдері қатысты.

img_7502

img_7505

Алдымен залы толы көрермен қасиетті күй өңірінен шыққан атақты тұлғалар, киелі орындар жөнінде қысқаша бейнефильмді тамашалады. Конференцияны ашып жүргізіп отырған аудан әкімі Қайрат Нұртаев өлкетану ісінің маңыздылығына тоқталып: - «Туған жер» қазақстандық өлкетанушылар бірлестігінің жасақтаған еліміздің киелі жерлерінің географиясында: «Жалпыұлттық маңызы бар қасиетті орындардың» тізіміне мұнайлы аймақтан 7 нысан енгізілсе, өкінішке орай, біздің ауданнан ол санатқа іліккен нысан болмады. Бұдан кейін «Құрманғазы аумағындағы көне дәуір қорымдары мен қамалдары» тақырыбында баяндама жасау үшін алғашқы сөз кезегін Атырау облыстық өлкетану музейінің басшысы Рашида Хариповаға ұсынды.

img_7512

img_7521

Ол музейдің жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың тамыз-қыркүйек айларында археолог Марат Қасеновтың жетекшілігімен Нарын құмының Атырау облысына қарасты аумағы, соның ішінде Құрманғазы, Исатай аудандарының тарихи-мәдени маңызы бар нысандарына далалық зерттеу ұйымдастырылғанын алға тартып, оның қорытындысымен таныстырды.

img_7523

img_7530

–Кешенді этноархеологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде Нарын құмы аумағында 92 тарихи-мәдени мұра анықталды.Оның ішінде археологиялық нысан 63 болса, сәулет ескерткіштері 29-ды құрады. Мұның өзі бұл жерлерді адамдардың көнеден мекен еткенін дәлелдеп отыр. Құрманғазы ауданының территориясында Үштаған, Азғыр, Жалғызапан, Балқұдық, Асан, Батырбек елді мекендерінен табылған Шалқар, Қолбас, Азғыр, Қызылтақ, Балқұдық, Қырықоба, Алайғыр, Әтембек, Құдайберген сынды қорғандар мен тұрақтарға зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 100-ге жуық ескерткіштер анықталды. Олардың көбі Қошалақ, Бесшоқы аумағынан табылды. Қорымдардың әрқайсысының түрі мен сипаттамасы слайд арқылы назарларыңызға ұсынылып отыр. Облыстық тарихи-өлкетану музейі Құдайберген қорымдарына қазба жұмыстарын жүзеге асыру арқылы өлке тарихына қатысты тың деректерді зерделей отырып, аудандық музей қорын археологиялық құндылықтармен толықтыруды жоспарлап отыр, - дей келе, баяндамашы өңір тұрғындарын ел мен жердің тарихын танып білуде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

img_7532

img_7540

Жоғарыда аталған рулардың өкілдері Құрманғазы ауданының аумағына келіп тұрақтаған. Осы жерде мал шаруашылығымен айналысып, ұлт-азаттық қозғалыстарға белсене қатысып отырған – дей келе, Жандос Мнафихұлы өңір тұрғындары осы батыр бабалардың ерлігін ұлықтап, өнегелі істерін кеңінен насихаттаса, ұлттық тарихымыз үшін баға жетпес байлық болатынын жеткізді.

img_7547

Айнагүл Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig