Пошта банкоматы жұмыс жасамайды

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінің әкімі Бисембай Рамазанов округтің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы тұрған міндеттер туралы есебінде атқарылған бірқатар жұмыстардың басы шалынды.

Округтегі 1117 отбасында тұратын 5382 адамның экономикалық белсенді бөлігі 3130 адам. Дені теміржол саласының қызметкерлері. 29 шаруа қожалығы, 157 кәсіпкер бар. Қазір тұрғындар көптен арман еткен балабақша құрылысы аяқталу үстінде. 53 жұмыссыздың 34-і ресми тіркелген. Өткен жылы 28 адам тұрақты, 11-і маусымдық жұмысқа орналасып, 9 тұрғын кәсіби оқуға жіберілген. 1095 бала оқитын мектеп оқушыларға тарлық етуде әрі асхана, спорт залы талап деңгейіне сай емес.

img_9341

Хабарлама тыңдалғаннан кейін ауыл тұрғыны Бекболат Зейнеденов көше жарығы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін көтеріп: – Қазақ ауылынан қатынайтын жүрегі ауыратын балаларды автобуспен тасу жолға қойылса дейміз. Қоқыс алаңы өз алдына бір төбешік. Ауылға кіріп жатырғандықтан оны басқа жаққа ауыстыру керек. Пошта банкоматы мүлдем жасамайды. Соны шешіп берсеңіздер. Вокзал маңындағы электр желісі құралдары жәшігі ашық жатыр. Ертең біреу токке соғылуы мүмкін, - дей келе ақсақалдар алқасы халықпен тығыз жұмыс жасаса деген ұсынысын жеткізді.

img_9351

Ауыл тұрғыны Әлімбай Әбдрахман: – Бізде 19 ауылдық округте жоқ саяжай учаскесі бар. Азық-түлік бағасын түсіріп, көкөніс, жеміс-жидекпен қамтуда рөлі зор. Су келетін 250 метр жерін қазып берсе оны пайдалану қиындық тудырмас еді. Темір жол перронына көлік қойдырмауға ықпал етуіңізді сұраймын, - деп, округ әкімінің есебіне жақсы деген баға берді.

img_9353

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521