Пойызға 300 адам шығады

(0 Votes)

Келесі кезекте ауыл тұрғындарынан округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбубакар Юсупов, зейнеткер Мадияр Андіржанов 332 адам тұратын Арқалық ауылымен арада теміржол өткелін орнатуды, техникалық сумен қамтуды, электр желілерінің тозып тұрғанын айтты.

«Атырау-Астрахань» пойызын күнде жүретін етпесе бір пойызға 200-300 адам шығатынын, басқа бағытқа қатынайтын теміржол көліктері оларды кейде мінгізбейтінін алға тартты. Азат Қайырмеденов өзін спорт мектебіне жұмысқа алу, Ақкөл орта мектебінің ұстазы Әлия Жәменова Президент Жолдауында көтерілген мәселелер жайлы сөз қозғады.

img_9354

Тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға қатысып отырған жауапты мекемелердің басшылары мен өкілдері жауаптар қайтарды.

img_9359

Жиын соңында аудан әкімі Қайрат Нұртаев сөйлеп, аудан бойынша атқарылып жатырған жұмыстардан қысқаша хабардар етті. Округ бойынша наурыз айында ауыл ішілік жолдарды салғанда қауіпсіздік қамтамасыз етілетінін, теміржол өткелі бойынша жер телімін белгілеу жүріп жатқанын, Атыраумен араға пойыз шығару Сенат, Мәжіліс депутаттары алдына қойылғанын қаперге берді.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521