banerkzbig

Перзентханадағы қуаныш

(0 Votes)

Ұлттық домбыра күні қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында белгіленіп отырғаны анық.

Осыған орай аудандық ішкі саясат бөлімі, «Қоғамдық келісім» мекемесі және орталық аурухана ұжымдары бірлесіп Елбасының бастамасына қолдау білдірген Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясын жүзеге асырып, перзентхана бөлімшесінде сол күні дүние есігін ашқан сәбиге домбыра тарту ету шарасын ұйымдастырды. Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері Г.Мүтиева Елбасының Жарлығымен тұңғыш рет аталып отырған мерекенің маңыздылығына тоқталып, «Сен туған еліңнің ғажап дәуірінде дүниеге келдің! Сенің Отаның Қазақстан – ұл мен қызы еркін, дамуы қарқынды, Тәуелсіз мемлекет! Сен оның ту тіккен елордасы – Астананың 20 жылдығы аталып жатқан кезеңде жарық дүниеге келіп, Ұлы Дала елінің жұпар ауасымен тыныстай бастадың! Бұл – сенің далаң! Өнегелі, өнерлі жолыңда домбыра жан серігің болсын! Үлкен өмірге жасаған қадамың құтты болсын, Ұлы Дала перзенті» деген мәтіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Құттықтау хатын оқып берді. Арнайы жіберілген хат пен символикалық домбыраны мереке күні өмірге тұңғыш нәрестесін әкеліп отырған Сафон ауылдық округінің тұрғыны, жас ана Гүлден Мырзағалиеваның қолына табыстады.

А.ШАКУПОВА.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig