banerkzbig

«Орлы» халық театры бас жүлде иеленді

(0 Votes)

«Алға» халық театры А.Сейдімбековтың «Мезгілсіз махаббат» драмасымен көрермендеріне жақсы әсер қалдырса, «Орлы» халық театры сахналаған Р.Отарбаевтың «Абай: Сот» трагедиясынан соң байқау қорытындыланды.

Қазылар алқасының төрайымы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрының актрисасы, ҚР мәдениет қайраткері Анетта Баетова, мүшелері Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Жұмақай Ғұмаров, М.Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының актері Ержан Жұматов сахна төріне жүлделі орындар мен аталымдар бойынша дипломдар мен сыйлықтар табыс етті.

teatr-orytyndy1

ІІІ, ІІ орындардан көрінген «Алға», З.Исмагулов атындағы халық театрларына 80, 100 мыңның сертификаттары табысталса, І орынға лайықталған Индер ауданынан келген «Ақ Жайық» халық театрына 120 000-ның жүлдесі ұсынылды. Бас жүлдені иемденген «Орлы» халық театры 150 000 теңгенің сертификатымен марапатталды. Аталымдарға тоқталсақ, Шайда Оразғалиева «Үздік режиссер», Ғафур Бултуков «Ең үздік ер адам бейнесі», Гүлзада Жұмалиева «Ең үздік әйел адам бейнесі», Дінмұхамед Сұңғатұлы «Ең жас әртіс», З.Исмагулов атындағы халық театрының суретшісі Сержан Тәжібаев «Үздік декорация» авторы деп танылды.

teatr-orytyndy2

Олардың әрқайсысына 20 000 теңгенің қаржылай сыйлығы тапсырылды.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig