Морской каналынан бастап өзендер қазылады

(0 Votes)

Ардагер ұстаз Жібек Қисымова: – Бізде де көрші округтердегідей күндіз ем алу бөлмесін ашса жақсы болар еді.

Бейіттерді де қоршату керек. Хабарламада айтылған жұмыстар орындалса жағдайымыз жақсарады. Ауданда өткен Сенат, Парламент депутаттары қатысқан жиналыстарға біз шақырылмаймыз. Ауылымыздан екі-үш адам барсақ естігінімізді қалған тұрғындарға айтамыз ғой, - деп осыны ескеруді сұрады.

img_9418

Сұрақтарға берген жауабында аудан әкімі Қайрат Нұртаев: – Морской каналынан бастап өзендерді қазу жұмыстары қолға алынады. Сіздерге 30-ға жуық жарық шамдарын қою керек екен, мұны мүмкіндігінше шешеміз. Биыл ауыз сумен қамтуды орындап, сосын техникалық суға көшеміз. Спорт кешенін де ең бірінші Нұржаудан бастап салғалы отырмыз. 4 елді мекенге клуб салу жөнінде жоба жасап жатырмыз, әзірге осы мәдениет үйіне қанағаттанасыздар. Жастарды еңбекке баулу мақсатында облыс көлемінде «Жасыл ел» жасақтарын егінге пайдалану жобасы жасалуда. Қара түтінге келсек, ол тек «Қарағанды жолдары» ЖШС-ның зауытынан шығады. Қазір ол тоқтап тұр. Қалған зауыттар қоршаған ортаны ластамайды, - деп ауыл азаматтарын бейіттерді қоршауға атсалысуға шақырды.

img_9403

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521