Мергендей болсам дейтіндер көп

(0 Votes)

Мерген Ғайниевті білмейтіндер кемде-кем шығар.

Мектебімізде оқып жүргенде-ақ таэквондодан талай жарыстарға барып олжа салып жүрді. 2018 жылы жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды. «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атанып, әлем біріншілігіне қатысты, клубаралық алтыншы Еуропа чемпионатына күміс жүлдені қанжығасына байлады. Мектеп бітірген соң көп ойланып жатпастан нағыз ерлерді дайындайтын Петропавл қаласындағы Ұлттық Ұланның институтына оқуға түсті. Бүгінде ол жоғары әскери оқу орнының екінші курс курсанты. Жақында Мерген қысқы каникулдың уақытын пайдаланып өзі оқыған мектебіне бас сұқты. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің әскери даярлық жөніндегі инспекторы А.Шарипов екеуі жоғары сынып оқушыларымен кездесті. Өзі оқитын Ұлттық Ұландағы әскери техника мен қару-жарақтың түрлері, оларда үйрену-машықтану, басқару туралы, сарбаздардың әскери қызмет атқаруы, оқуы мен дайындығы, бос уақыттарын тиімді өткізуі жайында қызғылықты баяндап берді.

Асланбек Бержанұлы Мергендей болсам дейтіндерге өте тәртіпті болып, сабақты жақсы оқып, ҰБТ-да 50-де жоғары балл жинау қажеттігі, спорт пен дене шынықтыруға көбірек көңіл бөлуі, денсаулығының кінәратсыз болуы керектігін түсіндіріп өтті. Ниет білдірушілерге қорғаныс бөлімі тарапынан қолдаулар көрсетілетіні айтты.

А.МАСАЛИМОВ,

С.Имашев атындағы орта мектептің БӘД пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521