Мерекелік құттықтау бергіңіз келсе...

(0 Votes)

Құрметті құрманғазылықтар! Көктемнің жанға шуақ сыйлайтын шырайлы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне санаулы ғана тәуліктер қалды.

Бұл жылы-жұмсағын бізге сақтап қоятын асыл әжелеріміздің, кішкентайымыздан тәрбиелеп өсірген аяулы аналарымыздың, бір шаңырақтың түтінін түтетіп отырған асыл жарларымыздың, жанына жақын тартып тұратын сүйкімді қарындастарымыздың, еркелігі өзіне жарасқан қыздарымыздың, әр ұжымның көркі болып жүрген гүлдей жайнаған сұлу әріптестеріміздің, барша нәзік жандылардың мерекесі. Сондықтан оның біз үшін орны бөлек. Бұл күні азамат атаулысы оларды құттықтауға, жылы сөздерін арнауға, сый-сияпатын жасауға тырысады. Сіз өзіңіз жақсы сыйлайтын жоғарыда аталған адамдардың бәрін бір мезгілде құттықтағыңыз келе ме?

Ендеше, мұның ең тиімді жолы аудандық «Серпер» газетіне құттықтау беру! Мереке сайын газеттен құттықтау іздейтіндер көп. Біз сіздің ақ тілегіңізді суретіңізбен бірге жариялауға әзірміз. Оны газеттен оқыған барлық нәзік жандылар сіздің ақ ниетіңізге, оны жеткізуде ештеңеден тартынбайтын жомарттығыңызға риза болып, бір-біріне айтып жүрері анық. 8 наурызға дейін газеттің тек бір нөмірі ғана шығады. Сондықтан ондай ойыңыз болса қазірден бастап хабарласып қойғаныңыз жөн. Ертең тығыз-таяңда орын болмай қалуы да мүмкін. Біз сізді күтеміз!

Құрметпен Құрманғазы аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521