banerkzbig

«Мемлекеттік қызметшілердің әдептілік бейнесі»

(0 Votes)

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметшілердің атқарған жұмысына, ұжымда және жұртшылықпен өзін ұстау іс-әрекеті мен мінез-құлқына және олардың қарапайымдық стил үлгісінде киіну бейнесіне ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.

Әрбір адамның жағымды бейнесі оның тек кәсіби қасиеттерімен ғана шектелмейді.Сондықтан, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің басты міндеттерінің бірі - қызметкердің мінез-құлқының және өзге адамдармен қарым-қатынасының оңды болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, оның ішінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды болдырмаудың алдын-алу жұмыстан тыс кезде заң бұзушылықтарға жол бермеу болып саналады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерде мемлекеттік қызметшінің қарапайымдылық, сыпайы бейнесіне сай келмейтін өрескел суреттер орналастыруға тиым салынады.

Қорыта келе, мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі, айнасы деп айтуға да болады. Сондықтан әр-бір мемлекеттік қызметкер, мемлекеттің өсуі – өркендеуі оның жұмысының нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік атқа ие болу және сол атақты абыроймен ұстап өту әр қызметкердің басты мақсаты және міндеті.

А.Даргужина,

Құрманғазы аудандық Әділет Басқармасының басшысы.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig