Мал азығын дайындауға субсидия бөлінсе...

(0 Votes)

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі Олжас Тәжібаев өткен жылы округ бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғанына тоқталды.

Округте 88 шаруа қожалығы, 36 жеке кәсіпкер қызметін дөңгелентіп отыр. Төрт түліктің қай түрінде де өсім бар. Ауылдық жердегі басты мәселенің бірі жұмыссыздық болса, бұл да қолға алынып, 32 адам тұрақты, 21-і уақытша, 39-ы маусымдық қызметке орналасқан. Ветеринария қызметкерлеріне берілген автокөлік тозып, дәрігерлік емханадағысы жүруге жарамсыздығынан алыс елді мекендерге қатынау қиындық туғызуда. Алдағы атқарылатын міндеттерге тоқталған Олжас Сержанұлы аудан басшысынан округте ашылғалы отырған Хиуаз атындағы саябаққа батырдың ескерткішін алып беруге ықпал етуін сұрады.

img_9378

«Балтас» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Тілекқабыл Қарамалаев: – Синай көпірінен өту қиын екенін жылда айтамыз. Сол жердегі 90-ға жуық шаруа қожалығының 70 пайызы осы көпір арқылы қатынайды. Мал азығын тасиды. Оны жөндетуге көмектесулеріңізді өтінеміз. Екіншіден ірі сабақты мал азығын дайындауға субсидия бөлуді жоғары жақтарда көтерулеріңізді сұраймыз. Себебі, техникаға керек май, тіпті шөпті орамдап байлайтын жіп те қымбаттап кетті, - деп ауылда еркін жүріп мал жинайтын дағыстандықтарға шара алу қажеттігін алға тартты.

img_9381

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521