banerkzbig

Мәңгілік елдің ең ұлық мерекесі

(0 Votes)

Тәуелсіздік күні – Қазақстан халқының ұлылығы мен еркіндігін бейнелейтін мереке.

Біз үшін ол ерекше қымбат және елеулі. С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Тәуелсіздік – елімнің еркін жолы» атты салтанатты жиналыс өтті. Көркемсөз оқу шебері Елдос Құлшаров өзінің бір топ ізбасарларымен бірге ата-бабаларымыздың бостандықты сақтап қалу жолындағы ғасырларға созылған күресі, 1937-де атылған арыстардың ұлы мұраты, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақтың қаһарман ұл-қыздары, ұлт рухын көтерген Желтоқсан сынды тарихымыздың ұмытылмас беттерін парақтап, бүгінгі еркін заман, азат күн үшін тұтас бір ұрпақтардың алдында қарыздар екенімізді жыр жолдарымен өрнектеді. Одан әрі Мемлекеттік Әнұран шырқалып, аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров құрманғазылықтарды ұлық мерекемен құттықтады.

– Бүгінгі күн – бабаларымыз аңсаған күн. Елдік пен бостандық жолындағы күресте талай боздақтардың армандаған тәуелсіздігі бізге бұйырды. Осыдан 27 жыл бұрын дүниежүзінің картасында, Еуразия кеңістігінде Қазақстан атты жас мемлекет пайда болды. Қазақ елін қазір күллі әлем біледі, мойындайды, сыйлайды. Осы табыстарға біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ішкі және сыртқы саясаттағы көрегендігінің арқасында қол жеткіздік. Ал Мемлекет басшысы тәуелсіз Қазақстан халқының басты табысы — елдегі тұрақтылық пен ынтымақ екенін әрдайым атап айтып келеді. Ұлан байтақ ұлы даланы мекен еткен отандастарымыздың бағына берілген бұл Тәуелсіздікті нық ұстап тұру – бізге парыз, - дей келе, Жандос Мнафихұлы аудандық мәдениет үйі жанындағы халықтық ұлт-аспаптар оркестріне өнер саласының майталманы, жерлесеміз, бірінші дәрежелі дирижер Төлеген Ахметжановтың есімін беру жөніндегі бұйрықты ҚР еңбек сіңірген қайраткері Талапқали Зайнуллинге табыстады.

Сондай-ақ, «Ұлттық архив қоры және архивтер» туралы Заңының 20 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының алғыс хатын аудандық мұрағаттың қор сақтаушысы Сандуғаш Нәрешоваға ұсынса, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Құрмет белгісі» төсбелгісін аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Орынғали Құмарғалиевтің өңіріне қадады. Облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысы, аудан әкімі алғыс хаттарымен, ауданның Құрмет грамотасымен 50-ге жуық адам ұлығыланды.

Жыл сайынғы дәстүрге сай биылғы жылы да ұлық мерекені атап өту салтанатында 2018 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша лайықталған әр саланың үздіктері марапатталды. «Үздік білім беру қызметкері» Клара Таупихова, «Үздік мәдениет қызметкері» Нәсіп Жұмағұлова, «Үздік медицина қызметкері» Марина Хасанова, «Үздік мемлекеттік қызметші» Гүлнар Имамұратова, «Үздік ішкі істер бөлімінің қызметкері» Нұртас Қабдолов, «Үздік спорт саласының қызметкері» Нұрболат Өтегенов, «Үздік пошта қызметкері» Гүлбану Сарпенова, «Үздік ардагерлер ұйымы» Сағындық Рамазанов, «Үздік депутат» Мансур Қуанышәлиев, «Үздік ақпарат саласының қызметкері» Болат Ерғалиев, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері» Гүлжиян Қаженова, «Үздік қаржы саласының қызметкері» Сара Нұржанова, «Үздік кәсіпкер» Дәурен Садыхов, «Үздік спортшы» Мерей Құрманғазы, «Үздік ауылшаруашылық қызметкері» Жанболат Нұғыманов, «Үздік мал дәрігері» Меңдіхан Кабуов, «Озат егінші» Күләнда Ұзағалиева, «Озат шопан» Серік Тәженов, «Озат механизатор» Елдос Махуов, «Озат балықшы» Алексей Купцов, «Үздік байланыс саласының қызметкері» Көшкінбай Шаштыбаев, «Үздік энергетика саласының қызметкері» Өсербай Лұқпанов, «Үздік коммуналдық саласының қызметкері» Жанғабыл Шамұратов, «Үздік құрылысшы» Болатбек Мусағалиев, «Үздік теміржолшы» Вячеслав Мұхамеджанов деп танылып, арнайы белгілер тапсырылды.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрайымы Жұмазия Есімова мерекелік тілегін білдіріп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрілігінің Құрмет грамотасы, ҚР кәсіподақтар федерациясы, облыс әкімі, облыстық мәслихат хатшысының алғыс хаттарын, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгілерін сала майталмандарына ұсынды. ҚР Ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіптік одағының «Құрметті ардагер» төсбелгісін шаруа қожалық иесі Оразағали Алғаязовтың кеудесіне тақты.

Аудандық мәслихат депутаты Жұмажан Шакупов мерейлі мерекемен құтықтап, егеменді елдің даму жылдарындағы бірқатар жетістіктерді атап өтсе, Тәуелсіздіктің төл құрдасы, М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ұлболсын Қажапова жастық жалын ықыласпен өзінің ой-толғамын ерекше тебіреніспен жеткізді. Салтанатты жиын соңы С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig