banerkzbig

«Әлеуметтік қызметтер порталы» : 10 Сұраққа – 10 Жауап

(0 Votes)

Жаңадан қолға алынған бастама туралы газет бетіне шыққалы, оқырмандардан сауал толастар емес.

Осыған орай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Альфия Төлеғариевамен сұхбаттасып, көпшілікті толғандырған сауалдарға жауап алдық.

-Альфия Байғанинқызы, ауылдық жерлерде интернет желісіне және ұялы телефонға қолы жетпеген мүгедектер порталды қалай пайдалана алады? Және техникалық оңалту құралдарын таңдауда кім көмектеседі?

–Әлеуметтік қызметтер порталын іске асыру аясында жергілікті атқарушы органдар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын құрады, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері мен мамандары электронды цифрлық қолтаңба алуға және оңалту жабдықтары мен қызметтерін таңдау құқығын жүзеге асыруға көмектеседі.

-Ал, өнімді жеткізушілер тарапынан жіберілген сапасыз тауар немесе қызметтерді ұсынған кезде кімге шағымдануға болады?

–Тауардың немесе қызметтің сапасына өнім берушінің өзі тікелей жауапты болады. Жергілікті атқарушы орган деңгейінде даулы мәселелер туындаған жағдайда осы мәселелерді шешу жөніндегі комиссиялар құрылады.

-Әлеуметтік қызметтер порталында өнім берушілерді анықтау бойынша арнайы өлшемдер белгіленеді ме?

–Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мен олардың филиалдары әлеуметтік қызметтер порталында тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер бола алады.

Әлеуметтік қызметтер порталында тіркеле алады:

1) салық берешегі және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі жоқ;

2) банкроттық не тарату рәсіміне жатпайтын;

3) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеген;

4) міндетті сертификаттауға жататын тауарларды жеткізу кезінде сәйкестік сертификаты бар;

5) медициналық бұйымдарды жеткізу кезінде тіркеу куәлігі бар;

6) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу үшін баға табыс етуге міндетті.

Талаптар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бұйрығымен бекітілетін болады.

– Естуімше, Қазақстанда тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге арналған арнайы санаторий жоқ. Портал аясында шетелде санаторий-курорттық емдеу қызметін сатып алуға бола ма?

–Портал аясында оңалту құралдары мен қызметтері тек Қазақстанда ғана ұсынылады, шетелде ем алу мүмкін болмайды.

–Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасында (ИПР) белгіленген, бірақ қазіргі уақытта қажет емес оңалту құралдарының белгілі бір түрлерінен бас тартуғға бола ма?

–Ия, бұл функция қызмет алушының өтініші бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасының мерзімі өткенге дейін жүгіне алады.

–Порталда мүгедектер арбаларының пайдаланылу ұзақтығы 4 және 7 жыл сақталады ма?

– Ия, порталда мүгедектер арбаларының мерзімі өзгеріссіз қалады. Қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізу кезінде мүгедектер арбасының қызмет ету мерзімін қайта қарау туралы мәселе қаралады. Алайда, бұл мұқият зерделеуді және республикалық бюджет комиссиясының оң пікірін қажет етеді.

–Мүгедектер арбасын таңдағанда медициналық және қарсы көрсетілімдерді кім тағайындайды?

–Мүмкіндігі шектеулі адамға арналған оңалтудың жеке бағдарламасында екеуі де көрсетіледі.

-Алдағы уақытта оңалтуға арналған техникалық құралдардың түрі көбейеді ме?

–Бұл мәселе жергілікті атқарушы органдармен келісуді және мұқият зерттеуді қажет етеді. Нақты қажеттілікті пысықтағаннан кейін құжаттар пакеті республикалық бюджет комиссиясында қаралуы үшін Қаржы министрлігіне жіберіледі.

-Аталған топағы жандар тауар немесе қызметті басқа өңірден таңдай алады ма?

–Аймақтық принципі медициналық және әлеуметтік мекемелерде арнайы әлеуметтік қызметтерді алу кезінде қолданылады, өйткені бюджетте қаражат жергілікті.

– Егер тауар мүгедектігі бар адамға сәйкес келмесе, өнімді қайтару механизмі шешілген бе?

– Келісімшартта мүгедек, жеткізуші және тауарды жеткізіп беруші ұйым арасындағы келісімшарттық қатынастар көрсетіледі.

Сұхбаттасқан: Рита ӨТЕУҒАЛИ,

«Атырау» газеті

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig