banerkzbig

«Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді»

(0 Votes)

Ұлы даламыздағы киелі жерлерді қадірлеп-қастерлеу – бүгінгі ұрпақтың парызы.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымының ерекше маңыздылығын атап өтті. Яғни, әр азамат өзінің ата-баба шежіресін, туған өлкеміздің ақтаңдаққа толы кешегі тарихын, өткен ақиқатын біліп, ұлы тұлғалар есімдерін ұлығылауы тиіс. Осыған орай, Бегәлиев атындағы жалпы орта мектепте туристік-өлкетану жобасы аясында «Ұлан-ғайыр елімді мен танығым келеді» атты облыстық семинар-байқау ұйымдастырылды. Мақсаты –жоба барысында өткізілген шаралардың таныстырылымын, үздік жұмыстардың әдістемелік көрсетілімдерін ұсыну, тәжірибе тарату. Оған облыстық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы Зина Ізтелеуова, Атырау қаласы және Исатай, Махамбет, Мақат, аудандары мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арнайы келіп қатысты. Алдымен фойеде Энгельс жалпы орта мектебінің «Жас нұр» ұлт-аспаптар ансамблі қонақтарды күмбірлеген күймен қарсылады. «Туған елдің тамыры»атты шығармашылық көрмені Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің ұстазы Н.Мадиева таныстырды. Онда өлкемізден шыққан батырлар, ақын-жазушылар, күйшілер туралы сыр шертіледі.

img_7599

img_7663

Шараның шымылдығы осы мектептің мұғалімі М.Хиуазова жетекшілік ететін «Нұршуақ» балалар-жасөсіпірімдер театрының «Ұлы елдің ұлағаты» атты сахналық қойылымымен ашылды. Қиғаш жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Хамзина «Туған елімнің тарихы терең» атты бейнефильмін көрсетті. Киелі жерлер, қасиетті орындар жайлы ұлағатты ұғымдарды, танымдық тақырыптарды жас ұрпақ санасына сіңірудің маңыздылығы зор.Өйткені, атаме¬кеннің әр тасы мен төбешігі, айнадай жарқыраған көлдері, шоқ-шоқ тоғайлары кім-кімге де ыстық. Осындай қасиетті мекендер айшықталған бейнефильмдікөрермендер тамашалады.Энгельс атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары М.Молдашеваның жетекшілігімен оқушылар «Туған жердің өсімдігі жанға шипа» атты ауызша журналды ұсынды. Мақсаты – өлкенің байлығы, алуан түрлі табиғаты, өсімдіктерінің емдік қасиеті жайында балғындардың түсініктерін кеңейтіп, туып өскен жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Журналдың бірінші беті бойынша балалар дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттері жөнінде қойылым қойды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» айдарымен аталған бөлімде ақ халат киген оқушылар дәрілік шөптер жөнінде пайдалы кеңестерімен бөлісті.

img_7608

img_7614

Гагарин атындағы жалпы орта мектептің ұстазы Ш.Әнесова «Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, Табиғаттың мұны айтатын тілі жоқ» тақырыбындағы шеберлік сыныбын ұйымдастырды. 2016 жылы әкелер мектебінің бастамасымен білім ошағында «Шабақ қорғау» жобасы қолға алынған болатын. Мұнда әкелер балаларымен бірге жылдың төрт мезгілі бойы су маржандарының жойылу қаупін болдырмау мақсатында игі жұмыстар атқарады. Осының арқасында күні бүгінге дейін миллиондаған шабақтар құтқарылды. «Шабақ қорғау» шарасы оқушылардың да бос уақыттарын тиімді өткізуге мол септігін тигізді. Сәтті жүзеге асқан қанатқақты жоба облысқа, республикаға танылды.

img_7622

img_7626

Семинарда белсенді әкелер ұлдарымен бірге балық аулау ойындарына қатысып, табиғат байлығын қорғаудың маңыздылығы жөнінде пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар, еліміз бойынша тек біздің ауданымызда өсетін, келушілерді таңқалдырудан танбайтын Лотос гүлі, әсемдікке пайдалануға болатын «Су жаңғағы» туралы қызықты мәліметтермен қанықтырды. Уәлиханов атындағы жалпы орта мектептің география пәнінің мұғалімі М.Середенова «OQY» жобасы аясында зерттеу жұмысын ұсынса, «Қиын-қыстау кезеңде жан сақтаған құмаршық» тақырыбы бойынша оқушылар қасиетті шөптің ашаршылық уақытта азық болғаны туралы егжей-тегжейлі айтып өтті. Келген қонақтар құмаршықтан әзірленген нан мен шұбаттан дәм татты. Ақкөл жалпы орта мектебі спорттық-туризм үйірмесінің қатысушылары тарихи-өлкетану бағыты бойынша Бурабайдағы қызықты сәттерден экспедициялық жорық есептерін ұсынды. «Мұғалім сыйы» атты тренингте келген қонақтар сұрақтарға жауап беріп, түрлі номинациялармен ұлығыланды. Ломоносов атындағы жалпы орта мектептің оқушылары флешмобтарын билеп, жадынамалар шеруін ұйымдастырды. Соңында аудандық «Серпер» газетінің бас редакторы Т.Дәрелов бейнеролик арқылы «Ұрпағымызға аманат» атты өлеңін шабыттана оқып, аманат батасын берді.

img_7659

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig