«Көз жанары» филиалы ашылды

(0 Votes)

Құрманғазы ауылының орталығындағы «Құралай» сауда үйінің бірінші қабатынан көзі көрмейтін мүгедектер қоғамы бірлестігінің «Көз жанары» коорпоративтік қорының аудандық филиалы ашылды.

Шараны ауданымызға танымал өнерпаз Болат Бидоллаев жүргізді.

img_3511

Ашылу салтанатында аудан әкімінің міндетін атқарушы Өркен Тәжібаев сөйлеп: – Зағип жандар көзі көрмесе де өмірді жүрекпен сезінеді. Сонымен қатар «мүмкіндігім шектеулі ғой, менен де басқа адамдар жетеді, маған қарап қалды ма», деген көзқараста болмай, қабілеті тартқанша түрлі қоғамдық шараларға атсалысып жүр. Жалпы мемлекетке қызметші болмай-ақ та халыққа қызмет ету елге пайдасын тигізу деп есептейміз. Осындай жақсы бастаманың басында тұрған қор төрайымы Айгүл Кенханқызы бастаған бір адамдарға бастамаларыңыз құтты болсын дейміз. Қазір мемлекет тарапынан зағип жандарға үлкен көмектер көрсетіліп жатыр. Әлеуметтік сала бойынша да түрлі көтермелеулер жасалуда, аудан әкімдігі тарапынан да сіздерді қолдауға дайынбыз, - деп алға қарай өтетін шараларға қатысуға шақырып, осы бөлмені ашып беріп жатырған аудандық мәслихаттың депутаты Бержан Кенжебаевқа ризашылығын білдірді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Ғалымжан Жұбанғалиұлы: – Мен 85-ке келген аталарыңмын. Қазір көзім дұрыс көрмейді, жүру де қиын. «Көз жанары» қорының ауданымызда бөлмесі ашылып жатырғанына қуаныштымыз. Бұл зағип жандарға деген үлкен қамқорлықтың көрінісі. Аудан әкімдігіне, қор төрайымы Айгүл Кенханқызының жұмыстарына сәттілік тілеймін, - дей келе зағип жандар дерттерінен сауықсын, бөлменің игілігін көрсін деген ақ тілегін жеткізді.

img_3516

«Көз жанары» коорпоративтік қоры аудандық филиалының мүшесі Жамиға Қажетирова: – Бүгін бізге осындай бөлме ашып беріп жатқандарыңызға үлкен рахмет. Менің азаматымның көзі көрмей қалғанына 17 жыл болды. Қиыншылық көрсе де Алла Тағала берген ғұмырын кешіп отыр. Осы жерде бір күнде зағип болып қалған жастар да қатысуда. Оларға да денсаулық тілеймін, көздеріңіз көріп кетсін. Қатысып бізді қолдап жатырған баршаңызға, аудан әкімдігіне, Бержан Кенжебаев інімізге ризамыз, - деді.

Салтанатты шараның ресми бөлігі аяқталғаннан кейін бөлме алдына керілген лентаны аудан әкімі Өркен Тәжібаев пен «Көз жанары» коорпаративтік қорының төрайымы Айгүл Кенханқызы қиды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521