Көршілес Астрахань облысынан вирус жұқтырған 3 адам тіркелді

(0 Votes)

Кеше Ресей Федерациясы Астрахань облысында коронавирус індетін жұқтырған 1 жағдай тіркелді.

Ер адам Түркияда демалып, Грозныйға ұшып келген, Грозныйдан өз ауылына таксимен жеткен. Демалыста онымен бірге зайыбы болған. Краснояр ауданы Тальник ауылына келгенде, астрахандық өзін жайсыз сезініп, жергілікті ауруханаға қаралған.

Сол кезде одан вирус анықталған. Ер адамды бірден карантинге жіберген, содан соң бірнеше күннен кейін инфекциялық ауруханаға жатқызған. Барлық тума-туыстарын медициналық тексерістен өткізгенде, экспресс-тест 5 жастағы ұлы мен 60 жастағы әкесінен оң көрсеткіш анықтады.

Науқаспен қарым-қатынаста болған 18 адам қазіргі уақытта карантинде. Сонымен, күні бүгін Астрахань облысында 3 адамнан COVID-19 вирусы анықталып отыр. Осыған орай, Краснояр ауданы, Тальник ауылының тұрғындарына жаппай тексеріс жүргізілуде.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521