«Күлкі – көңіл ажары»

(0 Votes)

Аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында мамандар арасында ұжымдық ұйымшылдықты нығайтуда «Күлкі – көңіл ажары» атты тренинг өтті.

Оны психолог Жанар Ирғазиева мен әлеуметтік маман Гүлмира Дощанова жүргізді. Мекеме қызметкерлері күн ұзағына мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайды. Сондықтан олар өз бойларында мейірімділік, қамқорлық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра білгендері жөн.

Тренинг барысында «Көңіл күйді белгілеу», «Жан жүрек сыры», «Кел, ойнайық», «Уайымнан арылу» тақырыптары қамтылды. Шараны қорытындылаған орталық директоры Н.Бахреденов оның маңыздылығына тоқталып, белсенділікпен қатысқан қызметкерлерге өз ризашылығын білдірді.

Ж.Ирғазиева,

психолог

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521