Газ қазанын қарайтын адам жоқ

(0 Votes)

Нұржау ауылдық округінің жаңа әкімі Мұрабек Мұғалім өткен жылы атқарылған жұмыстар жайлы хабарлама жасағаннан кейін ауыл тұрғыны Ринат Айса мектеп пен балабақшаға барар жол бойына жарық қойылса деген ұсынысын айтты.

Зейнеткер Өсер Серікбаев округтегі Айжан деген дәрігердің халықпен жақсы жұмыс жасайтынын, алайда жаяу жүргенін айтып, көлікпен қамтуды сұрады. Аудандық орталық аурухананың емхана меңгерушісі Жарқын Әбілхайыров бөлінген көлік бұзылып тұрғанын, оған жүргізуші табылмай отырғанын, алға қарай бұл мәселе шешілетінін, 5 көлікке сұраныс жібергендерін қаперге берді.

img_9397

Ауыл тұрғыны Асқар Аманғалиев салынып жатқан жолдың кей жерінде мал өткелі қалдырылмағанына реніш білдірген соң аудан әкімі Қайрат Нұртаев мұндай мәселе Еңбекші, Орлы ауылдарында да туындап отырғанын, шешу жолдары қаралып жатқанын жеткізді. Округ тұрғыны Амангелді Жұмағалиевтің мәлімдеуінше ауылда газ қазаны істемей қалса оны қарайтын адам жоқ.

img_9404

img_9407

Жарысөзде «Алғаязов» ШҚ жетекшісі, аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Серік Алғаязов округтің жаңа әкімі жақсы жұмыс жасайды деген сенімін білдіріп, одан әрі: – Мектептің акт залы тар, жиһаздары ескірген.Тағы бір айтарым қазір біздің округте түтіні будақтаған бес зауыт жұмыс жасап тұр. Экологияға қандай зиян келтіріп жатырғанын білмеймін, бірақ ауладағы жіпке жаялған кірлер қап-қара болады. Аудан басшысы ретінде көптен шешімін таппай жүрген Жамбыл мен Нұржау арасын жалғастыратын жол салуды қолға алып жатырғаныңыз үшін рахмет, - деп округ әкімінің жұмысына қанағаттанарлық деп бағалады.

img_9414

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521