banerkzbig

Елбасының ерен еңбегі

(0 Votes)

Тұңғыш Президент күні – еліміздің тарихында айрықша мәні бар ерекше күн.

Өйткені, егемендікке енді қол жеткізген кезеңде ел тағдырын сеніп тапсыра алатын, елді өркендетіп, дамытатын көшбасшы сайлап алу және Елбасыға лайықты ұлтжанды тұлғаны адаспай табу Тәуелсіздікке енді қол жеткізген ел үшін аса маңызды еді. Сондай тұлғаны дәл тауып сайлағанымыздың арқасында алған асулары аз емес.

img_7476

Атаулы күнге орай Ұлт көшбасшысының жетістіктерін ұлықтау мақсатында аудандық орталықтандырылған кітапханада «Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған аудандық аналар кеңесінің мүшелері, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, кітапханашылар қатысты. Жүргізуші Людмила Рахметова Мемлекет басшысының сарабдал саясаткер, ұлт көшбасшысы ретіндегі қайраткерлік қарымы мен тұлғалық келбеті туралы жан-жақты айтып өтті. Алғашқы сөз сөйлеген Сафон ауылдық аналар кеңесінің мүшесі, мәдениет саласының ардагері Сақыпжамал Сұлтанова Президенттің жетістіктерімен бірге Тәуелсіз Қазақстанның даму тарихына тоқталып, өңірімізде жүзеге асқан іргелі істерді тілге тиек етті.

img_7479

img_7481

Кітапханашы Мархаба Құспантайқызы мультимедиалық лед экран арқылы «Тәуелсіз елдің тұғырын биік еткен» тақырыбындағы кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кітапхана қызметкері Меңдісұлу Меңдіханқызы ақын М.Райымқұловтың «Мәңгілік ел» өлеңін нақышына келтіріп оқыды. Шара барысында Елбасыға, ел астанасы Нұр-Сұлтанға арналған сазды әуендер орындалды.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig