banerkzbig

Еңбегімен елге жаққан азамат

(0 Votes)

Көптоғай ауылдық округінің әкімі Батырбек Балтаевтың зейнеткерлік жасқа толуына орай аудан әкімдігінде қабылдау өтті.

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы мерейгерді құттықтап: – Батырбек Кәрімұлын өздеріңіз жақсы білесіздер. 1956 жылдың 16 қарашасы күні Кудряшов ауылдық округінде дүниеге келген. 1973 жылы Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Киров кеңшарының №5 мал шаруашылығында зоотехник болып бастаған. Одан кейінгі жылдары №2 кооперативте, «Қайрат» ШМК-да зоотехник, «Дәшін» бірлестігінде ферма меңгерушісі, «А.Бисенов» шаруашылығында басшы, «Каспий Балық» ӨК-де механик, ферма меңгерушісі, балық өңдеу цехының мастері, басқарма төрағасының орынбасары, шаруашылықтың атқарушы директоры, «Құралай» корпорациясының ресторан директоры сияқты қызметтерді абыроймен атқарды. 2010-2015 жылдары мемлекеттік қызметке ауысып Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болса, 2018 жылдан Көптоғай ауылдық округінің лауазымында ауданымыздың, еліміздің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді, - деп жолдасы Марусямен ұрпақ қызығына бөлене беріңіз деген ізгі тілегін айтып, Құттықтау хат табыстап, округ әкімі қызметінде тағы бір жылға қалдырылып отырғанынан хабардар етті.

img_7407

Келесі кезекте округ әкімдері атынан Бірлік, Қиғаш, Дыңғызыл ауылдық округтерінің әкімдері Бауыржан Ақбанов, Жігер Жанқанов, Оралбай Әзімов, «Каспий-Балық» ӨК атынан Тілекқабыл Жакеев және өзі қызмет ететін округ әкімі аппаратының мамандары құттықтап, ақ тілектерін арнады. Сөйлеушілердің қай-қайсысы да мерейгердің өз қызметін адал атқарғанын, жұмысына жауапкершілікпен қарап, тұрғындардың көңілінен шыға білгенін тілге тиек етті. Соңында Батырбек Балтаев өзіне көрсетіліп жатырған құрмет үшін ризашылығын білдіріп, алға қарай да ел игілігін еселей түсу бағытында аянбай жұмыстана беретінін жеткізді.

img_7411

Қанат ҒҰМАРОВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig