Димаш Құдайберген Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды

ҚазАқпарат - Әнші Димаш Құдайберген Абайдың 175 жылдығына орай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жолдаған эстафетаны қабыл алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әнші Instagram-дағы парақшасында Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» атты өлеңін оқыған видеосын жүктеді.

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев @tokayev_online ағамыздың маған жолдаған Абай атамыздың 175 жылдығына орай Ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым» . Атамыздың өнерін тағы бір мәрте әлемге паш етуге өз үлестерін қосу үшін осы эстафетаны Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Сейілұлы Оразалин ағама @aktobe_akparat, РФ-ның халық әртiсi Игорь Крутой @igorkrutoy65 ағамызға және менің тыңдармандарым #dears-тарға жолдаймын» деп жазды әнші постында.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді.

Жарнама

rightbanner

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

big_banner