Дәрігер мен жедел жәрдем көлігі ауадай қажет

(0 Votes)

Бірлік ауылдық округінің әкімі Бауыржан Ақпановтың хабарламасында кәсіпкерлік, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы және басқа салалар бойынша қамтылған жұмыстар, негізінен алғанда, ауыл тұрғындары тарапынан қуатталып, құпталып жатты.

Елді мекенге ветеринариялық ғимарат салуға жер бөлінді. Жобалар бюджеттен қаражат бөліну мүмкіндігіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Мәдениет үйінің жобалау құжаттары дайындалды, енді сараптамадан өтуде. Қ.Оқаев көшесіне, саябақтың жанына такси тұрағын салудың құжатамалары жасақталып, бұл жұмыс 2020-2021 жылы басталады деп күтілуде. Ауылішілік жол жұмыстарының қалған бөлігі биыл аяқталады.

img_8265

Зейнеткер Антонина Михайловна ауылдағы емдеу орнын дәрігермен қамтуды, үйінің жанындағы ашық күйде қалған құбырды жабуды талап етсе, Валентина Васильевна су бөгеттері маңындағы көшелерді жарықтандыруды сұрады. Елтай Досқалиев аудан орталығынан ауылға бөлінген дәрігердің аптасына 2-3 рет келуі ұйымдастырылса деген ұсынысын ортаға салса, Иманов мектебінің директоры Гүлайым Мураскалиева 1963-1968 жылдары салынған білім ошағы заманауи талапқа сай жаңадан салынса деген Амангелді ауылы тұрғындарының ортақ өтінішін жеткізді. Оразбай Қаратаев жедел жәрдем көлігімен, округтің балансына берілген тракторды отынмен қамтуды алға тартса, Зұлпыхар Исмахов мал жайылымы тарылып бара жатқанына алаңдаушылық білдірді.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521