banerkzbig

Дәрігер базарға саудагерді іздеп келді

(0 Votes)

Аудандық емхана мен аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен «Серпер-Сауда» базарында бірлескен акция өткізілді.

Мақсаты – қан қысымы, қант диабеті ауруларының алдын алу, ішек инфекция-ларына шалдығу қаупінен сақтандыру, тұрғындардың өз денсаулығына жауапкершілігін арттыру. Акция аясында емхана медбикелері сауда нүктелеріне келушілердің қан қысымын өлшеп, қант диабетіне тексеру жүргізді. Сондай-ақ, әртүрлі ауруларға арналған санитарлық бюллетеньдер мен жадынамалар ұсынып, жиі кездесетін сырқаттар жайында және олардың алдын алудың жолдарын көрсететін бетшелер таратты. Нәтижесінде 120 адам қан қысымы, бойы мен салмағын өлшетіп, қандағы қант мөлшерін тексеруге 19 тұрғын жүгінді. Жазда ішек инфекцияларына шалдығу қаупі арта түсетіні белгілі. Бұл азық-түліктің сақталуының бұзылуымен қатар, сапасыз ауызсуды, тамақты тұтыну және гигиена ережелерін сақтамаумен тікелей байла-нысты болады.

Жіті ішек инфекциясынан, ең алдымен, балалар зардап шегеді. Ересектерге қарағанда, балалардың ауруға шалдығуы 3 есе жиі кездеседі. Инфекциямен бірге жүретін іш өту және құсудың салдарынан балалар ағзасында көптеп сұйықтық жоғалып, сусыздану басталады. Міне, сондықтан балалар арасындағы жіті ішек инфекциясы кейде баланың тек денсаулығына ғана емес, өміріне де қауіп төндіреді. Бұл туралы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Карл Отаров түсінік жұмыстарын жүргізіп, әсіресе тұрғындарды тез бұзылатын тағамдардан сақтануды ескертті.

А.ШАКУПОВА.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig