БОЛЖАМНАН ШЫҚТЫҚ, ЖАЗЫЛУ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

(0 Votes)

Аудандық «Серпер» қоғамдық-саяси газетіне жазылу жалғасын табуда.

Осыған орай редакциямызға жолданған жеделхаттар легі толастамауда. Өздерінің сүйікті басылымдарынан келесі жылы да қол үзбеуді мақсат тұтқан барша оқырмандарымызға ризашылығымызды білдіріп, жеделхаттардың бір бөлігін назарларыңызға ұсынамыз.

Құрметті Таңатар Дәрелұлы!

Көптоғай ауылдық округі бойынша 2020 жылдың І жартыжылдығына мерзімді басылымдардан «Серперге» 200, «Атырауға» 45, «Егемен Қазақстанға» 12 данаға жазылып, болжамнан шыққанымызды хабарлаймын.

Сонымен қатар «Алтын аймақ» газетіне жазылу 7 дана болып отыр. Осы игі істе көмек көрсеткен, демеушілік жасаған мекеме басшыларына, жеке кәсіпкерлер Р.Қуанғалиеваға, К.Абдоловаға, С.Сдыховқа, С.Ахиеваға және шаруа қожалығы жетекшілері Р.Ұзағалиевке, Д.Аушимовке, Е.Тұңғышалиевке, П.Қайседеновке, О.Абдоловқа, О.Мусинге, сонымен қатар ауыл тұрғындарынан Б.Рахимовке, Б.Мусинге ризашылығымды білдіремін.

Жазылу әлі жалғасып жатқанын қаперге беремін.

Батырбек Балтаев,

Көптоғай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521