Бір сәттік босаңсу – ажалға итереді

Адамның мінез-құлқына тікелей байланысты жұқпалы вирус ол – иммун тапшылығы (АИТВ/ВИЧ).

Ең әуелі оның қауіптілігі жөнінде жеткілікті дәрежеде хабардар болу аурудың алдын алады. Бұл жұқпаның таралуын тоқтатып, одан өзімізді қорғау үшін ерекше қауіпті іс-әрекеттерге бармау қажет немесе арнайы қорғаныш құралдарын қолданған жөн.

Адам өмірі есірткіге байланса, болашағына балта шабады. Ақ өлімнің құрығына бір ілінген адамды құтқару қиын. Ал, есірткіні пайдалану әдетте қызығушылықтан басталады. Жасөспірім өзіне беймәлім нәрсені татып көруге талпынады. Есірткіні бір рет татып көру – оның аса ауыр және қатерлі жағдайға ұшыратарына ешкім мән бермейді. «Бір рет қолданғанда тұрған не бар? Одан наркоман болып кетпеймін», деп ойлап қателеседі. Оны бір қолдану екінші ретке итермелейді. Сонымен қатар қолданылған шприцті немесе инені екінші рет пайдалану АИТВ инфекциясын жұқтырудың аса қауіпті жолдарының бірі. Бір сәттік босаңсу аянышты ғұмырға соқтыруы мүмкін.

Жалпы есірткіге құмарлықтың алдын алуда жасөспірімдер мен жастарға дұрыс шешім қабылдауды, өз өміріне жауапкершілікпен қарауды, жақсы мінез-құлықты қалыптастыруда білімге деген құштарлық, құндылықтарды, көзқарастар мен өмірлік дағдыларды қалыптастыруды үйрету тәсілі көмектеседі. Бұл тәсіл өз өміріне сыни тұрғыда қарау, ойлау, өзін-өзі басқару мен қиындықтарды жеңе білу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Өмірлік дағдылар адамдарға мәселелерді тиімді шешуге және күнделікті өмірде кездесетін қиындықтарды жеңе білуге көмектеседі. Ол біртіндеп жақсы мінез-құлыққа бейімдеп, қабілеттілікті арттырады. Бұл есірткіге, іішмдікке салынуға, темекі шегуге, ерте жыныстық қатынасқа, қорғалмаған жыныстық қатынасқа түсуге жол бермейді. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты мақсаты – өз денсаулығы үшін жауапты екенін сезіндіру. Болашақта өмірге келетін ұрпақтың тағдыры, дені сау болуы – бүгінгі жастардың қолында.

А.Тұңғатарова, облыстық ЖИТС орталығының педагогі

Жарнама

rightbanner

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

big_banner