Басты тетік – тең мүмкіндік

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы селекторлық режимде өтті.

Оған облыстық кейбір басқарма басшылары, үкіметтік емес ұйым мүшелері, селекторлық режимде аудандардағы комиссия төрағалары мен мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Мәжілісті комиссия төрайымы Н.Сайлауова ашып, күн тәртібімен таныстырды. «Атырау облысы бойынша Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі облыстық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының Жылыой ауданында орындалу барысы» жөнінде Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ж.Ахметов хабарлама жасады. Облыстық комиссия мүшелері бүгінгі таңда өңірде өршіп тұрған жасөспірімдер арасындағы жүктілік, суицид және басқа проблемалық мәселелер туралы жан-жақты тоқталуды, оларды болашақта болдырмауда қандай іс-шаралар алынып жатқанын сұрады.

Сонымен қатар, хабарламашыға ауданда әйел адамдарды билікке тартудың маңыздылығы түсіндірілді. Комиссия төрайымы Н.Сайлауова мәселені қорытындылап, алдағы жаз мезгілінде балалар қауіпсіздігін басты назарда ұстауды тапсырып, бүгінде нәзік жандылар да ерлермен қатар билікке араласуға тең мүмкіндікке ие екенін алға тартты. «Тұрғылықты жері бойынша аула және спорт клубтарының санын ұлғайту арқылы халықтың әртүрлі санаттарының, оның ішінде балалардың, жасөспірімдердің және жастардың (тәуекел топтарындағы) спорттық секциялармен, спорттың жаппай қолжетімді түрлерімен қамтылуын қамтамасыз ету барысы» туралы Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Бауыржанұлы айтып өтті. Комиссия мүшесі Ә.Қыстаубаева облыстық әкімдік, жастар саясаты, білім басқармасы бірлесіп аула клубтарын жандандыруда қандай жұмыстар атқарылып жатқанына қызығушылық танытты. Аймақтағы мүгедек жандардың спортпен айналысуына толықтай мүмкіндік жасау, бұл бағыттағы материалдық-техникалық базаны нығайту жөнінде түрлі ұсыныстар айтылды. Күн тәртібіндегі осы мәселе бойынша облыстық білім басқармасының қосымша хабарламасы тыңдалды.

А.ШАКУПОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521