banerkzbig

Баспасөз пресс-жорығы – киелі жерлерде

(0 Votes)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында атамекенге, ондағы тарихи кешендерге, ескерткіштерге, кесенелерге және т.б. киелі жерлерге ерекше назар аударылуда.

Осыған орай мемлекеттік тапсырыс негізінде «Төртінші билік Атырау Журналистер одағы қоғамдық бірлестігі», облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз пресс-жорығы өткізілді. Оның мүшелігіне ғалымдар, тарихшылар, блогерлер, журналистер енді. Алғашқы сапар өткен жұма күні Исатай ауданынан бастау алып, Құрманғазы ауданында жалғасын тапты.

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаңа ғасырдағы ұлттық сана терең тамырлы тарихымыздан бастау алатыны туралы атап айтылды. Қазіргі рухани жаңғырудың ең басты шарты да сол – ұлттық кодыңды сақтай білу екені белгілі. Осы ретте ұлттың тектілік кодын жеткізуші қасиетті тұлғаларымыздың орны ерекше. Солардың бірі де бірегейі қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым, этнограф Мақаш Бекмұхамбетов. Пресс-жорық мүшелері ауданымыздағы сапарында Мақаш әкімнің кесенесіне тәу етіп, Құран дұға бағыштады. Мақаш ауылдық округінің ардагерлері Ж.Сатқанов, Ө.Хасанов белгілі тұлғаның өмір жолы туралы кеңінен ақпарат берді. «Өзіміздің тарихи жерлерімізді тану арқылы – тарихымызды, елдігімізді де танимыз. Киелі орындарды бүгінгі қоғамға, жастарға насихаттау мақсатында пресс-жорықты ұйымдастырдық. Осыған жеткілікті түрде алдағы уақытта да көңіл бөлсек, ілгері қарай дамып, өркениетті елдер қатарына қосыларымыз анық» - дей келе,төртінші билік Атырау Журналистер одағы қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.Адиева алдағы жоспарларымен бөлісті.

Одан әрі топ мүшелері С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Жиделі» халықтық-фольклорлық ансамблінің концертін тамашалады.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig