banerkzbig

Балықшылармен жүздесті

(0 Votes)

Қазақстан Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшесі және сенімді өкілі, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жерлесіміз Сәрсенбай Еңсегенов Бірлік ауылында болып, «Каспий балық» өндірістік кооперативінің мәжіліс залында Қиғаш бойының балықшыларымен кездесті.

Оған аудандық қоғамдық штабтың мүшелері, округ әкімдері, табиғат пайдаланушылар, еріктілер қатысты. Жиналысты «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев ашып, қоғамдық штабтың аудан көлемінде атқарып жатқан жұмыстарынан хабардар етіп, желілік кестеге сәйкес бүгінгі кездесу ұйымдастырылып отырғанын тілге тиек етіп, сөз тізгінін еліміздің ең жоғары лауазымына үміткердің сенімді өкіліне ұсынды. Сәрсенбай Құрманұлы Президенттің, Парламенттің статусы мен негізгі міндеті, кезекті, кезектен тыс сайлау туралы баяндап, елдің негізгі тірегіне, шынайы күшіне айналған «Нұр Отан» партиясы атынан Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлының өмірбаянымен таныстыра келе, сайлауалды бағдарламасының басымдықтарына тоқталды.

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың негізгі ұстанымдары — Елбасы саясатының сабақтастығын қамтамасыз ету, әділдікті ту етіп, өрлеуге ұмтылу. Кандидат анықтаған басым бағыттардың бәрі елдік мүддеге негізделген. Ең бастысы, Тәуелсіздікті сақтай отырып, бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, елімізде өмір сүріп жатқан түрлі этникалық топтар арасын¬дағы алауыздықты болдырмау бағытына айрықша назар аударылады. Сабақтастық саясаты экономи¬каны жаңғырту, өнеркәсіпті дамыту мен халықты әлеуметтік қорғау саласын да қамтиды.

Екінші «Әділдік» бөлімінде кандидат заңның үстемдігін қамтамасыз ету, әділ сот билігін орнату, судьялардың заңгерлік этикаларын сақтауға бақылауды күшейту, сот, құқық қорғау саласын реформалау жалғасын табатыны қарастырылған. Елді жайлаған сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою бағдарламадағы өзекті мәселелердің бірі. Сонымен қатар, адамдардың әлеуметтік салада да әділдік принципін ұстану, өзінің істеген еңбегіне қарай тиісті еңбекақысын алу, сапалы медициналық көмекті қолжетімді ету, дәрі-дәрмектің бағасын мемлекеттік тұрғыда реттеу, білім беру, денсаулық сақтау саласындағы реформаларды жалғастыру, оларға бөлінетін қаржыны ішкі жалпы өнімнің 50 пайызына жеткізу осы бағдарламада айтылған.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig