banerkzbig

«Балаусаға » – 40 жыл

(0 Votes)

Тәрбиенің тал бесігі – балабақша табалдырығынан бастау алатыны сөзсіз.

Бөбек бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың білімді де өнегелі болып өсіп жетілуіне мектепке дейінгі тәрбие ошағының рөлі зор. Бұл тұрғыда осы үрдістен жаңылмай, биылғы жылы мектепке дейінгі білім берудің рейтингісі бойынша жеңімпаз атанған ауданымыздағы «Балауса» санаторлық бөбекжай-балабақшасын зор мақтанышпен айта аламыз. Мұнда қазіргі заман талабына сай 40 бүлдіршін тәлім алуда. Оларға 14 педагог үлкен ізденіспен тынбай еңбек етіп, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту үрдісін жүйелі жүзеге асыруда.

Өзінің 40 жылдық мерейтойын атап өткен балабақша ұжымы «Сан қыранды самғатқан алтын ұя» атты салтанатты шара ұйымдастырды. 1978 жылы алғаш құрылғаннан бастап оның негізгі қызметі – отбасында өкпе дертімен ауыратын ата-аналардың бөбектерін сауықтырып, тәрбиелеу болатын. Шарада алдымен балабақшаның өткенінен сыр шерткен, барлық шаруашылық қызметі қол еңбегімен атқарылғаны көрініс тапқан қойылым тамашаланды. Ардагер меңгеруші ұстаздар мен тәрбиешілердің есімдері зор құрметпен аталды. Одан әрі бүгінгі балабақшаның келбетінен, тыныс-тіршілігінен, бағындырған биік белестерінен хабардар еткен бейнеролик көрсетілді. Аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева мерекелік тілегін білдіріп, ұжым басшысы Гүлнәр Қисамеденоваға аудан әкімінің міндетін атқарушы Ж.Бектеміровтің алғыс хатын табыстады. Өзінің құттықтау хатымен ардагер және бүгінгі қызметкерлерді ұлығылады.

Одан әрі жылы лебіздер легін Құрманғазы ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім, аудандық емхананың фтизиатр-дәрігері Озат Ахметқалиев жалғастырып, құттықтау хаттары мен естелік сыйлықтарын ұсынды. Әр жылдар аралығында меңгеруші қызметін атқарған Сәния Әубекерова, Әмина Құрманбаева, Орынша Құмарғалиева өткенге оралып, тағылымды әңгімелерін өрбітті. Бір топ бұрынғы қызметкерлер, аудан орталығындағы балабақшалардың меңгерушілері, басқа да шақырылған қонақтар мерейтоймен құттықтап, ақжарма тілектерін жеткізді. Балғындар да өздерінің дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Балабақша меңгерушісі Г.Қисамеденова шараны қорытындылап, барша қатысушыларға ұжым атынан естелік сыйлықтар тапсырды. Бұдан кейін қонақтар екі топтағы шығармашылықпен айналысып отырған балғындармен жүздесіп, материалдық-техникалық база, көрнекілік құралдардың жасақталуын оң бағалады.

Айнагүл Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig