Мобильді қосымшаның көмегіне жүгін

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің стратегиялық әзірлеу және халықаралық бағдарламалар департаментімен елімізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мақсатында бірқатар кешенді жұмыстар атқарылғаны белгілі.

Бұл ретте «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ-мен және басқа да мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау мен бағалауға арналған және халықтың алған қызметінің сапасын шынайы уақыт режимінде бағалау немесе шағым жасау бойынша «Digital Agent» (Цифрлық агент) мобильдік қосымшасы іске қосылды.

Мобилдік бағдарламаны округ көлемінде танымал ету, қызмет алушылардың назарына аударту мақсатында, Құрманғазы ауылының «Мерей», «Құралай» сауда үйінің дәлізінде тұрғындарға қазақ және орыс тілдерінде үйретуші бейнематериалдар көрсетіліп, жадынамалар таратылды. Сонымен қатар, округ әкімі аппаратының «Фейсбук» парақшасына да жарияланды.

Әр қызмет пайдаланушы өз смартфонындағы «Play Market» немесе «AppStore» арқылы «Digital Agent» мобильдік қосымшасын жүктеп, тіркеуден өткен соң, 5 баллдық жүйе бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын бағалай алады. Сондай-ақ, олардың сапасыз жұмыс, ұзын-сонар кезек, қызметкердің дөрекі іс-қимылы сияқты келеңсіздіктер түсірілген фото, видеоматериалдарды жүктеп, өз ойларын қалдыруға мүмкіндіктері бар. Келіп түскен барлық шағымдар мен ұсыныстар кері байланыс форматында өңделеді және қысқа мерзімде жауапты тұлғалар мәселені шешуге көмек береді. Осы орайда тұрғындарды сандық технологиялар дәуірінде қажет қызметтерді электрондық форматта алуға шақырамыз!

А.ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521