banerkzbig

Балғындар ағылшынша сайрады

(0 Votes)

Бүгінгідей білім беру жүйесі көп тілді меңгеруге жан-жақты жол ашты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Үш тілді – мемлекеттік тіл, орыс тілі және ағылшын тілін меңгергеніміз дұрыс. Біз осылай үштұғырлы тілді қолдансақ, түбінде жолымыз ашық болады» деп баса айтқан болатын.

Осыған орай, Абай атындағы жалпы орта мектепте аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2-3 сыныптар арасында «Ертегілер елінде» атты ағылшын тілінен сайыс өтті. Оған 22 мектептен балғындар қатысты. Бұл олардың шет тілін үйренуге деген құлшынысы күн өткен са¬йын жоғарылап келе жат¬қанын айғақтайды.

–Сайысты өткізудегі бас¬ты мақсат – жас буын арасында көп тілділік идеясына қолдау көрсету болып отыр. Сонымен қатар, біз шет тілдерін оқып-үйренуге қызығушылық тудырып, оқушылардың біліктілігін кеңейтуді көздедік.

Бәріміз де уақытқа тәуелдіміз. Ешкім де одан асып кете алмайды. Заман ағымына сай уақыт талап ететін қажетті дүниелер болады. Соның бірі – бүгінгі қоғамның жиі талқысына түсіп жүрген үш тұғырлы тіл мәселесі. Оны біреу қолдайды, келесісі басқаша пікір өрбітеді. Бабаларымыз «Білімді адамның алды жарық» деп тегін айтпаған. Бүгінгі таңда үш тұғырлы тілді меңгерген баланың болашағы зор. Сондықтан оған сеніммен қарау қажет. Міне, біз оны осы сайыста жеңімпаз болған жас жеткіншектердің жетістіктерінен көріп отырмыз,– дейді аудандық білім бөлімі ағылшын тілі пәнінің әдіскері Гүлжиһан Боранбаева.

Сайыс «Таныстыру» және «Ертегілер елінде» атты бөлімдерден тұрды. Нәтижесінде Абай атындағы жалпы орта мектеп бас жүлдені қанжығасына байласа, І орын Гагарин атындағы жалпы орта мектептің балғындарына бұйырды. Ломоносов, Имашев, Әуезов атындағы білім ұялары ІІ орыннан көрінсе, ІІІ орынды Нәжімеденов негізгі мектебі, З.Серікқалиұлы, Еңбекші орта мектептері қанағат тұтты.

А.Шакупова

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig