Бақыт- ауылының бақыты

(0 Votes)

Қолы ашық, жүрегі жомарт адамдар қай ауылда да кездесіп қалады. Солардың бірі де бірегейі деп Сафон ауылында тұратын, осындағы «Каспий таңы» аталатын кооперативті ұзақ жылдардан басқарып келе жатқан Бақыт Теміров Қарамалайұлын айтуға болады.

Ата-бабасынан жалғасқан балықшылық кәсіпті жастай меңгеріп, бұл күнде бір қауым елді айрандай ұйытып, көпшілігіне дерлік жұмыс тауып беріп отыр. Ауылдастары оны баяғыша «колхоз бастық» деп атап, алдына жиі келеді. Қуанышты тойларында, қаралы сәттерде де алдымен Бәкең ізделеді. Кооперативте жұмыс істемейтін тұрғындар да оны іздейді. Себебі, қайырымды азамат ешкімнің меселін қайтарғысы жоқ. Қолынан келетін бар көмекті жасап, қуанған не қиналған шаңырақтың жоқ-барын түгендеседі. Ауыл ағасы ретінде ақылын айтады. Міне, нағыз азамат! – деп жатады оған ақсақалдар алғысын нұрдай жаудырып. Баспасөз жазылу науқаны кезінде өзіміз де Бақыт Қарамалайұлына шығамыз. Обалы нешік «Серпер», «Атырау», «Егемен Қазақстан» дейсің бе, жүздеп жаздырып береді газеттерге.

Жақында Сафондықтар осы Бақытжан Қарамалайұлының 60 жасқа толу мерейжасын атап өтпекші екен, «бәрекелді» деп қуанып қалдық. Өйткені, ол біздің де, яғни баспасөздің де жанашыры. «Жоқ» сөзі ұғымына сіңбеген көңілі даладай, мінезі баладай Сафонның тегеурінді Теміровына қандай құрмет те артық емес. Ауыл көшін өрге сүйреп, аман жүрсін, бізден тілек сол.

Таңатар Дәрелұлы,

«Серпер» газетінің бас редакторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521