Қазақстандағы жоғары сұранысқа ие мамандықтар анықталды

(0 Votes)

Қазақстандағы саны жағынан ең көп жалдамалы қызметкерлер – орта мектеп мұғалімдері мен бухгалтерлер, деп хабарлады Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметі.

2018 жылы республикада жалдамалы қызметте істейтін 6,6 миллионнан астам адам тіркелген, олардың 3 млн 383 мыңы – ер адамдар және 3 млн 328 мыңы – әйелдер. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының дерегіне сәйкес, мектеп мұғалімдері - ең сұранысқа ие мамандық болып cаналады. Белгілі болғандай, әрбір 20-жалдамалы қызметкер жалпы білім беретін оқу орындарында жұмыс істейді. Жалпы саны 352,2 мың адам қазақстандық балаларды сауаттылыққа үйретеді. Кәсіптердің жаппай рейтингісінде келесі орынды бухгалтерлер жалғастырды. 268,2 мың адам немесе әрбір 25-жалдамалы қызметкер күнделікті жалақы, салықтар, шығындар мен пайданы есептейді. Үштікті супервайзерлер, дүкен сатушылары және олардың көмекшілері түйіндейді, олардың жалпы саны – 256 мың адам.

Жалдамалы қызметкерлердің ең сұранысқа ие мамандықтарының ондығына жеңіл автокөлік, такси және фургон жүргізушілері – 236,6 мың адам; күзетшілер – 219,7 мың адам; кеңсе қызметкерлері – 139 мың адам; орта медициналық қызметкерлер – 128,8 мың адам; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілері – 119,2 мың адам; ауыл және орман шаруашылығының, балық өсіру және балық аулау саласының біліктілігі жоқ жұмысшылары – 113,4 мың адам; жүк автокөліктерінің жүргізушілері – 105,6 мың адам кірді.

Жалдамалы қызметкерлердің жаппай кәсіптері рейтингінің 20-орнында «Б» (1) корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 77,5 мың адам орналасты. Отызыншы орынды жарнама, маркетинг және жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандар иеленді. Бұл салада 46,4 мың адам жұмыс істейді. Жалпы саны 33,1 мың адам болатын крандар, көтергіштер, автотиегіштер және осыларға ұқсас жабдықтар операторлары 50-орынға орналасты. Ең сұранысқа ие мамандықтардың жүздігін электриктер мен электромонтаждаушылар (электр беру желісінен басқа) тәмамдайды. Бұл жұмыс түрімен 15,9 мың жалдамалы қызметкер айналысады. Естеріңізге сала кетейік, 1999 жылдың маусым айында ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» РМҚК құрылған болатын. 2011 жылдың қазан айында РМҚК «Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ болып қайта құрылды.

ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 1 шілдедегі қаулысымен «Жұмыспен қамту проблемалары жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ болып өзгертілді. Орталық қызметінің негізгі саласы еңбек нарығын реттеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру жөніндегі мемлекеттік саясатты ақпараттық және талдамалық қолдау, халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды және халықты жұмыспен қамту орталықтарын әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.

BAQ.KZ

Фото: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521