banerkzbig

Ауылымыз «Теңіз» аталса...

(0 Votes)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.

Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деген даналық сөздері бар. Осы тұрғыдан алғанда тәуелсіз Қазақстанның елді мекендерінің атауларын қазақыландырып, өскелең ұрпақтың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті оятып, патриоттық сезімді ұялатудың маңызы зор. Түрлі жиындарда, мерзімдік басылымдарда қазіргі Приморье (біреулер Тельячий деп те атай береді) ауылының атауын өзгерту туралы айтылып, жазыла тұрса да, оң шешімі алынбай келеді. Екеуі де жергілікті жердің атауы, бірі - патша заманындағы орыс тамырлардың «Тельячий сланец» деген сөзінен, ал, «Приморье» кеңестік кезеңнен қалған атау. Қалай болғанда да, бұл атаулар қазіргі заманға сай келіп тұрған жоқ.

Осыған орай, бас қосқан ауыл тұрғындарының бір жиынында әртүрлі ұсыныстар айтылды. Бірі ауылымыз суы мол, шөбі шүйгін, балауса көк құрақтардың ортасында орналасқандықтан «Балауса» деп атасақ десе, көзі қарақты, көнекөз қариямыз Темірхан Қауысов Каспий теңізінің ежелгі атауы «Хазар» берілуін құп көрді. Бірақ, бұл екі атау да ауыл тұрғындарының көңілінен шықпай қолдау таппай қалған еді.

Ауыл атауын өзгерту жөніндегі қазан айының ортасында өткен соңғы жиында округтің атауы «Теңіз» болып өзгертілгендіктен ауыл да солай аталуы керек деген ұйғарымға келді. Бірауыздан қолдау тапқаннан кейін жиынның қаулысымен хаттамасы алынып, құзырлы органдарға жіберілді. Ауылдың географиялық орналасуы да осыған себепші болды, Қиғаш өзенінің Каспийге құятын Қарақамыс-Хуанкин сағасында орын тепкен елді мекен. Алдағы уақытта Теңіз ауылдық округінің орталығы Теңіз ауылы болып аталып жатса, өте орынды болар еді. Бұл атау тұрғындардың көңілінен шығып, қолдау табады деген сенімдеміз.

Амангелді КАРСАКОВ,

ардагер ұстаз

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Бейнебаян жаңалығы

Сауалнама

Жаңа дизайн ұнадыма?

Күнтізбе

Редакция

 
muratovaslan

Таңатар Дәрелов
- "Серпер" газетінің бас редакторы

kisimovaaru

Қанат Ғұмаров - бас редактордың орынбасары - жауапты хатшы


sharapidenovabilmazhan

Айбек Нәжімов
- 1-ші дәрежелі тілші


panaberdievserikbol

Айнагүл Шакупова
- 2 дәрежелі тілші


dauletiarzholaman

Иманкулова Айдана Қажымұханқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig